Философия және саясаттану факультеті
Философия және саясаттану факультетінің тарихы 1947 жылы психология және логика кафедрасының ашылуы мен 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің құрылуынан бастау алады. Философия және экономика факультетінің ең алғашқы деканы доцент Н.П. Дардыкин болған.
Факультет
Философия және саясаттану факультетінің тарихы 1947 жылы психология және логика кафедрасының ашылуы мен 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің құрылуынан бастау алады. Философия және экономика факультетінің ең алғашқы деканы доцент Н.П. Дардыкин болған.
Бакалавриат
Білім беру үдерісіне қатысушыларға білікті психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі мен жеке қасиеттері дамыған педагог-психологтарды даярлау
Білім беру саласында кәсіби құзыреттілігі бар әлеуметтік педагогика бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Философиялық білімнің белгілі бір саласында мамандану мүмкіндігі бар, кәсіби қызметте классикалық және қазіргі заманғы философия мен әдіснама саласындағы базалық білімді еркін түсіндіруге, шығармашылықпен пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және т.б. ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің (қорлар, орталықтар және т.б.) философия салаларында ғылыми-зерттеу, инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік қызметті жүргізуге қабілетті гуманитарлық білімнің «бакалавры» академиялық дәрежесін беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Исламтану саласындағы іргелі біліммен, сараптамалық, ұйымдастырушылық және ғылыми қызметті жоғары деңгейде ұстайтын, мемлекеттік және қоғамдық сұранысқа ие бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды әзірлеу.
Тіл білімі мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дін саласындағы ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, басқарушылық және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуде теориялық білімі мен кәсіби дағдылары бар дінтанушы мамандарды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасын іске асыру заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік, әлеуметтанулық, демографиялық, экономикалық және басқа да релевантты эмпирикалық ақпаратты өңдеудің, талдаудың және түсіндірудің аналитикалық дағдылары бар қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулерді жоспарлауға және жүргізуге қабілетті маман даярлауға бағытталған.
Әлеуметтік-мәдени фактілерді талдап, объективтік баға бере алатын, мәдениет саласында теориялық және әдістемелік негізде консультациялар, мониторинг, экспертиза жүргізетін, сараптама жасай алатын Мәдениеттану саласындағы мамандарды сапалы дайындау.
Саяси процестерді талдауға және болжауға қабілетті мамандарды даярлау. Бағдарлама мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеуге, азаматтық қоғам институттарында сарапшы және кеңесші, сайлау кампанияларында саяситехнолог болуға мүмкіндік береді.
Кәсіптік психологиялық қызмет саласындағы практикаға жалпы кәсіптік және мамандандырылған білімді (соның ішінде инновациялық) синтездеуге және білім беру, бизнес, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларында, әскери және мамандандырылған ұйымдарда, орталықтар мен қызметтерде қолданбалы қызметтің кең спектрін (психологиялық, консультациялық, оңалту және т.б.) жүзеге асыруға қабілетті білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген, ерекше көмекке мұқтаж тұлғалармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін, талдау-зерттеу қызметін жүргізетін, әлеуметтік мекемелер жүйесінде ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысатын клиенттердің түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік жұмыс бойынша білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
Магистратура
Жоғары деңгейде кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті жобалауға және жүргізуге, әдіснамалық-теориялық, психологиялық-педагогикалық білімді және заманауи технологияларды, цифрлық дидактиканы, инклюзивті өзара іс-әрекет әдістемесін және түзету жұмыстарын ұйымдастыруды меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамытудың ғылыми және психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге қабілетті білім беру және ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау
Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті жоғары деңгейде жобалауға және жүргізуге, әдіснаманы, терең психологиялық-педагогикалық білімді және білім берудің заманауи технологияларын меңгеру негізінде тұлғаның дамуының ғылыми және психологиялық-педагогикалық мәселелерін шешуге қабілетті, балалар мен ересектерді психологиялық-педагогикалық зерттеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын дамуға бағытталған, ол келесі қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс: - Педагогика және психология саласындағы жаңа теориялардың терең заманауи білімдерін түсіндіру және жалпылау; - психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми саладағы білімді өз ғылыми зерттеулерінің контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау; -психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету; -білім беруде жеке тұлғаның диагностикасы, профилактикасы және кеңес беру бойынша психологиялық-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтердің жұмысын талдау; -әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.
инклюзивті білім беру саласында психологиялық-педагогикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін мамандарды кәсіби даярлау.
Білім беру жүйесінің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін талдауға және білім беру саласындағы түрлі жобаларды жүргізудің саяси және экономикалық мүмкіндіктері мен тәуекелдерін бағалауға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – Инклюзивті білім беру аясында, реабилитациялық орталықтар мен медициналық мекемелерде медициналық-педагогикалық сүйемелдеу ұйымдастыруға қабілетті, жоғары деңгейде азаматтық жауапкершілікті, төзімділік пен жанашырлық тұрғыда қолдау көрсететін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе асыра білетін, дамуындағы ауытқуларын ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға инклюзия жағдайында кеңес беру мен түзету және терапевтикалық жұмыстарын жүргізетін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
білім мен ғылымдағы өлшем, бағалау, тестілеу және сараптама рәсімдерінің нәтижелерін қамтамасыз ететін педагогикалық өлшемдердің теориялық-әдіснамалық, практикалық негіздерін меңгерген білім және ғылым саласы үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында жеке қасиеттері мен арнайы құзыреттілігі бар, кәсіби қызметінде зерттеушілік дағдылары мен инновациялық әдістерін меңгерген бәсекеге қабілетті әлеуметтік педагогтарды даярлау.
Кәсіби қызметі қазіргі қоғам бетпе-бет келген дүниетанымдық, әдіснамалық, және құндылықтық мәселелерді шешуге бағытталған және дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге, қабылданған стандарттарға сәйкес келетін деңгейдегі білім беру қызметін жүзеге асыруға, мемлекеттік билік жүйелеріндегі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдардың қызметін ғылыми-ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында аталған мекемелердің жұмысына атсалысуға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Әлемдік және ұлттық философия тарихын жеткілікті түрде білетін, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, теоретикалық философия мен әдістеменің қазіргі заманғы және классикалық философия аясында базалық білімдерін біліктілік қызметтерінде еркін түрлендіріп әрі шығармашылық тұрғысында қолдана білу, сонымен қатар, философия саласында жаңа білімдерді алмастыра білу, философия саласында ғылыми-зерттеу қызметін ғылыми-зерттеу үрдісінде қолдану.
Дінтану саласындағы ғылыми және білім беру салалары үшін дін туралы ғылым және дінтанулық таным тұрғысынан пәнаралық зерттеулер саласындағы ғылыми мәселелерді шеше алатын, кәсіби деңгейде өндірістік міндеттерді қалыптастыра алатын және оларды заманауи технологиялардың көмегімен шеше алатын мамандарды сапалы деңгейде даярлау.
Қақтығыстарды шешудің тиімді әдiстерi мен технологияларын қолдана отырып қазiргi заманғы отандық және әлемдiк дiни процестердi зерделеу арқылы дiни қақтығыстар саласындағы проблемаларды шешуге қабілетті мамандар даярлау.
Бәсекеге қабілетті, білікті, ғылыми дінтану мәдениеті мен қоғамдық санасының деңгейі жоғары, ислам саласында іргелі білімі бар, исламтану саласында бәсекеге қабілетті, белсенді азаматтық ұстанымы бар, білім беру, мәдениет, бұқаралық ақпарат кұралдары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары салаларында заманауи әдістеме негізінде практикалық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыратың, көпконфессиялы қазақстандық қоғамды дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосатын құзыретті исламтану мамандарды даярлау.
Ұлттық және халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіби қызметте теориялық және практикалық дағдылар мен құзыреттерге ие әлеуметтану саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Адам ресурстарын жедел және стратегиялық басқару жүйелерін әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті теориялық және қолданбалы сипаттағы білімі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
ЕО мен Орталық Азия арасындағы мәдени байланыстарды орнатудағы мамандандырылған аймақтық проблемаларды шешуге қабілетті мәдени дипломатия саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау, мультимәдени ортадағы делдалдық дағдылары мен коммуникативтік дағдыларды меңгеру; мәдени дамудағы ұтымды және объективті бағалау арқылы жаңа концептуалды және әдістемелік тәсілдер негізінде университетте мәдени пәндерді оқытуды қамтамасыз ету, және оның құндылық жүйелерін өзгертуге әсер етуі, мінез-құлық үлгілері, мәдени және мәдениетаралық қарым-қатынас, дәстүрлі және заманауи мәдениеттегі дәстүрлер мен инновациялар, заманауи ақпараттық технологияларды тарту негізінде қазіргі заманғы қоғамның мәдени дипломатия және қазіргі заманғы мәдениеттану мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми зерттеулердің және теориялық дереккөздердің нәтижелерін салыстырмалы талдау жүргізу, магистрлік диссертацияда, ғылыми басылымдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеу
Мәдени антропология саласындағы далалық зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті, ЖОО-да мәдениет мәселелері бойынша сабақ бере алатын, терең білім және соңғы ғылыми тұжырымдамаларға қамту негізінде ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау
Жаңа тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге, ЖОО-да мәдениеттанулық пәндерді оқытуды қамтамасыз етуге қабілетті мәдениеттану саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
- Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік билік пен басқару саласы, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. - Түлектер теориялық және эксперименттік негізде, стратегиялық жоспарлаудың, мемлекеттік әкімшілік пен саяси менеджменттің жаңа жетістіктеріне, аралас ғылыми салаларға негізделген терең жүйелі білім алуы тиіс. - Мемлекеттік қызмет пен басқару мәселелерін шешуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және саяси коммуникацияларды дамытуға байланысты кәсіби дағдыларды қалыптастыру. - Мемлекеттік қызметтегі басқарудың, саяси талдау мен болжаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгеруді қамтамасыз ету. - Білім алушылардың бойында ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, қазіргі заманғы мемлекеттік және қоғамдық мәселелердің жағдайын талдау, қорыту және сыни бағалау, болашақ кәсіби қызметтің бағытын саналы таңдау, таңдаған салада табысты жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыру. - Түлектер терең теориялық және практикалық және бірегей нәтижені қамтамасыз ететін техникаларды талап ететін ғылыми жобаны орындауы тиіс. - Бітірушілер Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің кез келген жетекші университетінде ғылыми дәреже алу үшін, ұлттық, өңірлік және жергілікті басқару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білімді қолдануға негізделген мемлекеттік билік және басқару органдарында басқару функцияларын жүзеге асыру үшін оқуға дайындалуы тиіс.
Жанжалдың пайда болу табиғаты, оның құрылымы, түрлері, себеп факторлары, әр түрлі салалардағы даму ерекшелігі және жанжалдарды реттеу технологиялары туралы ақпаратты тиімді іздеу қабілеті; жанжалды диагностикалау дағдылары, медиатордың, келіссөзшінің, консультанттың.
Халықаралық академиялық стандарттарға, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне сәйкес жоғары оқу орындарында жария саясат, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету
Балалар мен жасөспірімдер психологиясы саласында диагностика, кеңес беру, психокоррекция, психотерапия, сүйемелдеу және психопрофилактиканы қоса алғанда, балалармен, жасөспірімдермен және олардың қоршаған ортасымен ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және психологиялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті психолог магистрлерін даярлау.
Клиникалық психология саласында клиникалық-диагностикалық, консультативтік, психокоррекциялық, емдеу-профилактикалық, оңалту, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті психолог мамандарды даярлау.
Өндіріс, кәсіпкерлік, бизнес, қызмет көрсету, білім беру, мәдениет, әскери және мамандандырылған қызметтер, халыққа әлеуметтік көмек салаларында, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару, ғылыми-зерттеу және консультациялық ұйымдарда сұранысқа ие дамыту, оқыту, ынталандыру, қолдау, сүйемелдеу және адам ресурстарын басқару саласында жоғары білікті магистр психологтарды даярлау.
спорт психологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Оқыту спортшыларды (және бапкерлерді) спорттық сайыстарға даярлауды психологиялық сүйемелдеу; жаттығу және сайыс іс-әрекетіндегі күрделі және конфликтілі жағдайларды шешу; бапкерлерді әртүрлі спорт түрлерінде ұжым құру дағдыларына оқыту, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру бойынша білім береді.
Сүйемелдеу, бағалау, іріктеу, персоналды басқару; консультация беру, психотерапия, психокоррекция, оңалту, психопрофилактика және тұлғаның дамуы шеңберінде білім беру, бизнес, өндіріс, қызмет көрсету, денсаулық сақтау, әскери және мамандандырылған қызметтер салаларында сұранысқа ие, психологиялық, ғылыми-зерттеу, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен айналысуға қабілетті ғылыми-теориялық білімі мен құзыреті бар, жоғары білікті психолог магистрлерін даярлау.
Халықаралық академиялық стандарттарға, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар, дипломатия, сыртқы саясат және сабақтас ғылыми салалар мәселелері бойынша ғылымның жаңа жетістіктеріне сәйкес әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар, жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ет
халықаралық академиялық стандарттарға, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне сәйкес білім беру саласындағы саясат, жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу және білім беру іс-әрекеті үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Заманауи технологиялар мен тиімді басқару құралдарын меңгерген, стратегиялық ойлауы бар білім беру саласындағы қабілетті менеджерлерді даярлау.
Заманауи технологиялар мен тиімді басқару құралдарын меңгерген, стратегиялық ойлауы бар білім беру саласындағы қабілетті менеджерлерді даярлау: ˗білім беру менеджменті және ұйымдастырушылық басқару аймағында жүйелі білімді түсіндіру және алу; ˗білім беру ұйымдарындағы мәдениетті ескере отырып, кәсіби міндеттерді шешу және басқару моделінің тұжырымдамаларына өзінің басқару әдістерін бейімдеу; ˗өзінің кәсіби өсуін жобалау, жетекші инновациялар мен жұмыс орнында немесе білім беру қоғамдастығында өзгерістер саласындағы дағдыларды дамыту.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы теориялық және қолданбалы сипаттағы білімі бар, кәсібилігі жоғары және бәсекеге қабілетті мамандардың іргелі ғылыми-практикалық дайындығын, әлеуметтік ортада салауатты өмір салтын қалыптастырумен және алдын алу қызметін ұйымдастырумен байланысты міндеттерді кәсіби шеше алатын, адамның қоғамдағы өмір сүруіне лайықты жағдайларды жасау арқылы қалыпты әлеуметтік қызмет етуді қамтамасыз ету.
Әлеуметтік сала ұйымдарының мамандарын әлеуметтік саясатты басқару және іске асыру саласындағы сараптамалық қызметті орындауға қабілетті болуға даярлау
Докторантура
Психологиялық-педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін және цифрлық технологияларды терең меңгерген, жаңа концептуалды білімдер жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі жұмыс тілін қолдана отырып, ғылыми талқылау арқылы оларды мамандарға дәлелді таныстыра алатын, зерттеушілік және инновациялық психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке икемді , жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық жетілдіру мен көшбасшылық мәселелеріне қатысы бар білім беру саласындағы соңғы әзірлемелерге тиісті зерттеу әдіснамаларын қолдануға және бағалауға қабілетті PhD философия докторларын даярлау.
Тұлға мен қоғамның әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекеттестігі жағдайында білім және ғылым жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық жаңашылдықтарды іске асыру және ғылыми-педагогикалық пен әлеуметтік-педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыру үшін әдіснамалық және ғылыми-зерттеу құзыреттілігі бар жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Академиялық, ғылыми, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласына – отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі әлемдік стандарттар деңгейінде академиялық қызметті жүзеге асыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу, саяси және әкімшілік қызметте стратегиялық шешімдерді іске асыру дағдыларына ие PhD докторларын дайындау.
Академиялық, ғылыми салаларға, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі әлемдік стандарттар деңгейінде академиялық қызметті жүзеге асыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие PhD докторларын дайындау.
Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік, халықаралық, ғылыми-зерттеу, оқытушылық сараптамалық, ұйымдастыру-басқару қызметі, талдау және консалтинг салаларында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Докторанттардың келесі кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту: ойлаудың икемділігі, назар аударудың шоғырлануы мен ауыстырып-қосымдылығы, қабылдау дәлдігі, логикалық ойлау қабілеті, жалпылау қабілеті, шығармашылық қабілеті, ғылыми-оқытушылық қызметтің ең жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге қызығушылығы. Сондай-ақ, Дінтану зерттеулері саласында жаңа білімді жинақтау, ғылыми-негізделген әдіснамалық ұстанымдардан және жаңа ғылыми тұжырымдамаларды жинақтаудан пәнаралық зерттеулерді қолдана отырып, ғылыми проблемаларды шешу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын және далалық зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті. Ғылыми, педагогикалық және өндірістік міндеттерді өз бетінше қою және шешу, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына белсенді жәрдемдесу.
Исламтану саласындағы біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Әлеуметтану саласында өз бетінше ізденуге, кәсіби және педагогикалық қызметке қабілетті бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау.
Мәдениеттану ғылымының әдістемелік негізі мен теориялық тереңдете оқыту негізінде мәдени зерттеу мен мәдени антропология шеңберінде инновациялық қызметке қабілеттілік, жоғары деңгейлі ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау, сондай-ақ, сандық технологиялар мен ғылым шеңберіне байланысты әдістемелер мен жүйелі білімді қолдану; мәдени зерттеу шеңберінде педагогикалық қызмет пен ғылыми-зерттеуге қабылеттілік, мәдениеттану ғылымы аясында өзекті теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оны шешу, жаңа тұжырымдамалық білімді құру, ғылыми іс-шара ұйымдастыруға ғылыми дискуссия құра алатындай, халықаралық деңгейдегі мамандарды дәлелді түрде көрсету.
Қоғамның түрлі салаларында бейбітшілікті сақтау және жанжалдарды талдау, алдын алу, шешу және басқару үшін кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті құзыретке ие болу үшін әлеуметтік ғылымдардағы инновацияларға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Заманауи саясаттану ғылымының соңғы жетістіктеріне негізделген жаңа тұжырымдамалық білімді қалыптастыруға, иновациялық жаңалықтар енгізуге қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, сарапшы, кеңес беру және саясат саласындағы сараптамалық талдау қызметке бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлау.
Халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыруға, жоғары оқу орындарында сабақ беруге, қоғамдық өмірдің түрлі салаларында талдамалық және сараптамалық қызметпен айналысуға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
Психология, әлеуметтану, құқық, медицина, педагогиканың жаңа бағыттарының пәнаралық теориялары мен концепцияларын диссертациялық жұмыс жазуда және әлеуметтік және клиникалық тәжірибеде ары қарай қолдану мақсатында шеберлікпен жүйелендіруші және түсіндіруші; әлеуметтік шындықты модельдеу және әлеуметтік жұмыстың жаңа бағыттарын жобалаумен байланысты дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асырушы; нақты әлеуметтік ситуацияға баға беріп, ғалымдардың және олардың кәсіби топтарының ғылыми қызметтерінің нәтижелерінің маңыздылығын анықтаушы, ғылыми дискуссияларда өзінің ғылыми көзқарасын белсенді көрсетіп, оны кәсіби қауымдастықтың ғылыми тілі аясында дәлелді түрде қорғай білуші; әлеуметтік жұмыс саласында дербес ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметке сәйкес келетін жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау