Биология және биотехнология факультеті
Биология және биотехнология факультеті – республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлаудан 90 жылдық тәжірибесі бар. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың білім бағдарламаларын дайындауға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады. Факультет түлектері ҚР ғылыми-зерттеу институттарында; биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; фармакология және криминалистика салаларында; генетика, молекулалық биология салаларында; гендік инженерия саласында; медициналық орталықтарда; білім беру орталықтарында; білім беру мекемелерінде білікті мамандар ретінде қызмет атқарады.
Нармуратова Мейрамкуль Худретовна, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Meyramkul.Narmuratova@kaznu.kz
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 6, 209-деканат
Факультет
Биология және биотехнология факультеті – республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлаудан 90 жылдық тәжірибесі бар. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың білім бағдарламаларын дайындауға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады. Факультет түлектері ҚР ғылыми-зерттеу институттарында; биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; фармакология және криминалистика салаларында; генетика, молекулалық биология салаларында; гендік инженерия саласында; медициналық орталықтарда; білім беру орталықтарында; білім беру мекемелерінде білікті мамандар ретінде қызмет атқарады.
Бакалавриат
Жаратылыстану ғылымдары саласында іргелі білімі, Биологияны оқыту саласында сапалы педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін жалпы кәсіби құзыреттілігі және кәсіби стандарт талаптарына сәйкес келетін құзыреттері бар білім беру жүйесі үшін бәсекеге мамандар даярлау
Тірі ағзаларда болатын биофизикалық процестер туралы іргелі білімі бар жоғары білікті пәнаралық маман даярлау және осы білімді әртүрлі салаларда, соның ішінде биомедицина, экология, биотехнология және басқа да салаларда практикалық кәсіби мәселелерді шешу мақсатында қолдана білу, бұл оларды заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді.
Биофармацевтика, биомедицина, агробиотехнология саласында компьютерлік модельдеу, биологиялық объектілер мен жүйелерді талдау, биоматериалдарды құру бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар ғылыми мекемелерге, салалық конструкторлық бюроларға, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті маманды сапалы дайындау.
Бағдарлама биология саласында практикалық дағдылары, құзыреттілігі бар, ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да мекемелерде жұмыс істеуге қабілетті жаратылыстану бакалаврын қалыптастыруға бағытталған.
Ғылыми-зерттеу және диагностикалық мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін биотехнологияның қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму перспективаларын бағалауға қабілетті, қоғамның биотехнологиялық өнімге қажеттілігін анықтап, биотехнология саласындағы кәсіби мәселелерді шешу, кәсіби тілде өндірістік міндеттерді тұжырымдау және заманауи технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыра алатын мамандарды сапалы дайындау
Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, криминалистика, гендік қорды сақтау және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.
Тамақ және фармацевтикалық өнеркәсіп зертханалары, медициналық ұйымдардың бактериологиялық зертханалары және қызметі санитарлық микробиологиялық зерттеулермен байланысты зертханалар үшін микробиологтарды сапалы дайындау.
Биология, медицина, биотехнология және т.б. саладағы ғылыми ізденістегі заманауи әдістерді және құралдарды қолдана алатын, жоғарғы білікті мамандарды дайындау
Нейроғылым саласындағы бәсекеге қабілетті, өздерінің кәсіби қызметінде моральдық-этикалық қағидаларды басшылыққа алатын және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерге ие болатын; қауіпсіз және жасанды интеллекттің тиімді технологияларын дамыту барысында ғылыми-зерттеулер мен қолданбалы жұмыстарды жүргізуде пәнаралық нейроғылымдық тәсілдер тұрғысынан нейроғылымның заманауи тұжырымдамалары мен әдістерінің негізінде ғылыми, медициналық және әлеуметтік-өндірістік салалардағы, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын; қалыпты және патология жағдайларында мидың қызметін зерттеу кезінде диагностикалық алгоритмдер жасайтын, ұйымдарға арналған нейро-тренингтерді жоспарлауға және өткізуге, нейроғылымдағы тиімді стратегияларды анықтауға қабілетті мамандарды даярлау.
Іргелі және қолданбалы зоология мен жануарлар экологиясы саласында далалық және зертханалық зерттеулердің заманауи әдістерін меңгерген, ғылым, медицина, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау мекемелері, мәдени-ағарту ұйымдары салаларында cұранысқа ие білікті зоолог бакалаврларды даярлау.
Балық шаруашылығы саласында теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, далалық және зертханалық жағдайларда балық шаруашылығын зерттеу әдістерін еркін меңгерген, ихтиология, гидробиология және балық шаруашылығы бойынша қойылған практикалық міндеттерді орындайтын, қабілетті бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау.
Қазіргі заманғы нарыққа бағдарланған, аквакультура мен су биоресурстары саласының тарихы мен қазіргі жай-күйін терең теориялық және практикалық білетін, аквакультура объектілерін сақтау, қорғау, өсімін молайту және культивациялау жөніндегі инновациялық технологиялар әдістерін меңгерген, өзінің кәсіби қызметі саласында өндірістік және практикалық міндеттерді орындауға бәсекеге қабілетті, білікті, құзыретті мамандарды даярлау болып табылады.
Магистратура
Білім беру саласында оқытушы және оқу-ғылым орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасау мақсатында биология, психология және педагогика бойынша жүйелі білімді меңгерген, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктері туралы тұтас түсінігі қалыптасқан жоғары білікті мамандар дайындау
Биология және физика салаларында терең іргелі білімі бар, заманауи зерттеу әдістерін меңгерген, инновациялық жобаларды әзірлеуге және биофизика саласындағы күрделі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін пәнаралық және халықаралық деңгейде ынтымақтасуға қабілетті жоғары білікті пәнаралық мамандарды даярлау
Бағдарлама кәсіби және жеке құзыреттілікке, зерттеу және аналитикалық дағдыларға ие жоғары білікті биолог-мамандарды даярлауға бағытталған. Жалпы биология, экология, биомедицина, биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу, экологиялық, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ауылшаруашылық, білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда базалық білімдерін тиімді жүзеге асыра алатын, білімдерін және дағдыларын тиімді пайдалана алатын мамандар даярлауға бағытталған
Сыртқы және ішкі еңбек нарықтарында табысты бәсекеге түсуге және биология мен сабақтас ғылыми салалардағы білімдерін өзіндік ғылыми зерттеу контексіне дербес біріктіруге қабілетті биомедицина саласындағы пәнаралық мамандарды сапалы даярлау
Бағдарлама биология, медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы және экология саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін генетикалық зерттеулер жүргізуде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, жалпы және молекулалық генетика саласында бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.
Бағдарлама өзінің күшті және әлсіз жақтарын сыни бағалауға, бәсекеге қабілетті, білікті маман тұлғасын дамытуға, сондай-ақ биотехнологиялық өнімдерді қазақстандық талаптарға және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес басқару жүйесін енгізуге бағытталған.
Ғылыми-зерттеу институттары мен тамақ өндірісі үшін мамандарды сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесі қабілетті маманның жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: • заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып тағамдық биотехнология саласындағы кәсіби мәселелерді, өндірістік міндеттерді шешу; • ферментативті және микробиологиялық процестерді, гендік инженерия әдістерін тамақ өнімдерінің технологиясында қолдану; • тағамдық комбинаториканың жаңа зерттеу әдістерін қолдана отырып өндірісті бақылау; • тамақ қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын бағалау; шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасына бақылау жүргізу; •
Кәсіби-мамандандырылған құзыреттілік жүйесі бар, геоботаника саласындағы теориялық және практикалық мәселелерде толық меңгерген, жер шарының барлық аумағы өсімдіктердің таралу заңдылықтарын зерттейтін бәсекеге қабілетті өз бетінше оқу, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметін ынталандыруға бағытталған.
Жүйке жүйесінің функциялық заңдылықтарын анықтау үшін теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуге бағытталған нейроғылымның заманауи әдіснамалық тәсілдеріне негізделген кәсіптік қызметті жүзеге асыратын, кәсіби қызметте моральдық-этикалық нормалар мен принциптерді басшылыққа ала отырып, нейроғылымда әлемдік ғылыми және практикалық тәжірибені шоғырландыруға қабілетті, қоғамның ғылыми -білім беру, әлеуметтік-экономикалық салаларында инновациялық нейротехнологияларды әзірлейтін және енгізетін, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттілікке ие нйроғылым саласындағы магистр-мамандарды даярлау
Бағдарлама заманауи вирусологияның теориялық және практикалық мәселелерін меңгере алатын, вирусологиялық зертхананың заманауи әдістерін қолдана алатын білікті, вирустық инфекцияларды диагностикалау мақсатында диагностика, биохимия және молекулалық генетика, биоинформатика, жаңа зерттеу әдістері мен жаңа зертханалық жабдықтарды енгізу; кәсіби құзыреті шегінде өзіне жүктелген қызметтік міндеттерімен өз бетінше зерттеулер жүргізу, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру және әртүрлі пікірлермен басқару шешімдерін қабылдайтын кәсіби және кәсіби мамандандырылған құзыреттер жүйесіне ие, бәсекеге қабілетті маманның тұлғасын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама микробиологиялық-биотехнологиялық сектордың тауарлары мен қызметтерін әзірлейтін және өндіретін ғылыми, өндірістік, диагностикалық және медициналық орталықтарда, сондай-ақ тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде жұмысқа орналасу мүмкіндігімен өнеркәсіптік, фармацевтикалық, медициналық және экологиялық микробиология саласында тиімді жұмыс істеуге және бәсекеге қабілетті білікті маман даярлауға бағытталған.
Кәсіби білімі мен дағдылары бар, инженерлік жобалауда және ғылыми-өндірістік қызметте алған білімдерін экологиялық биоинженерия саласында іске асыруға қабілетті, қоршаған орта қалдықтарын қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өндірістерінің қауіпсіздігі мен биопрепараттар және биотыңайтқыштарды әзірлеу мәселелерін шешуде жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Бағдарлама зоологияның іргелі және қолданбалы аспектілері саласындағы ғылыми мәселелерді ғылыми-білім беру, табиғат қорғау мекемелерінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында, медицинада және денсаулық сақтауда жұмыспен қамтыла отырып, заманауи әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шеше алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Бағдарлама репродуктивті генетика саласында теориялық білімі мен көмекші репродуктивті технологияларды қолдануда тәжірибелік дағдылары бар, адамның ұрпақты болу саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше алатын және әйелдер мен ерлер бедеулігінің негізіндегі генетикалық мәселелер бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыра алатын бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.
Кәсіби және жеке құзыреттіліктері, заманауи геоботаника саласындағы іргелі білімдері, эргономикалық кеңістіктерді құру саласындағы күрделі мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып, ІТ-технологиялары бар ландшафты дизайн саласында білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
Агробиотехнология саласында теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгерген ғылыми-педагогикалық, өндірістік-басқару қызметі үшін жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
Бағдарлама халықтың денсаулығын сақтау және экономикалық шығындарды азайту үшін өмірлік маңызы бар объектілермен жұмыс істеу үшін ғылыми, диагностикалық және медициналық мекемелерде жұмысқа орналасу мүмкіндігімен Медициналық және фармацевтикалық микробиология саласында тиімді жұмыс істеуге қабілетті бәсекеге қабілетті білікті маман даярлауға бағытталған.
Бағдарлама денсаулық сақтау, фармацевтика және биомедициналық зерттеулерде қолдану үшін инновациялық биомедициналық технологияларды, биоматериалдар мен медициналық құрылғыларды әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған
Балық шаруашылығы саласында кәсіби және бәсекеге қабілетті білімі мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау
Терең теориялық және практикалық білімі бар, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдыларын меңгерген, аквамәдениет және су биологиялық ресурстары саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік, ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, Педагогикалық қызметті дербес орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Докторантура
Жоғары оқу орындарының педагогикалық қағидаттарын ескере отырып, сапалы зерттеулер жүргізуге, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелерін әзірлеуге, сондай-ақ биологияны тиімді оқытуға қабілетті білікті мамандарды даярлау
Таңдалған биофизика саласында жан-жақты білімі бар, биофизикалық зерттеулердің озық әдістері мен технологияларын игеретін, нәтижелерді жоғары ғылыми деңгейде ұсына алатын, өзіндік ғылыми жаңалықтар жасауға қабілетті, жетекші ғылыми және білім беру мекемелеріндегі оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметіне дайын, сондай-ақ ірі ғылыми жобаларды басқару дағдылары бар зерттеушілерді дайындау.
Жасуша биологиясының маңызды мәселелерін шешуге қабілетті кадрларды, биология ғылымдары саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау
Жаратылыстану және биомедицина саласындағы заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу, басқару және оқытушылық қызметті жүзеге асыратын биомедицина саласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Қазіргі заманғы жаратылыстану мен биофизиканың негізгі принциптерін түсіндіруге қабілетті; қазіргі заманғы ғылыми ізденістің әдіснамасы мен заманауи медико-биологиялық эксперименталды құрылғылармен жұмыс істеуді білетін, биофизика мен биологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеуге және интерпретациялауға қабілетті, осы білімді диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде одан әрі қолдану мақсатында және зерттеу объектісін барабар сипаттау негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға дайын, биофизиканың перспективті инновациялық бағыттарын дамытуға арналған проекциямен әдіснаманы таңдай алатын биофизика саласындағы жоғары білікті пәнаралық маманды сапалы даярлау. Биофизик-маман өзінің және басқа да ғылыми қызметінің қандай да бір өніміне баға береді және оның маңыздылығын анықтай алады, олардың жұмыс тілін пайдалана отырып, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде бере алады және қорғай алады; жаңа перспективті құралдарды құру және өз нәтижелерін практикалық пайдалану және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында зерттеудің қазіргі заманғы теориялық және эксперименттік әдістерін игеруге қатысуға дайын.
Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика, гендік және клеткалық инженерия саласындағы сыни ойлау мен білімі бар маманның тұлғасын қалыптастыруға; әртүрлі кәсіби көздерден алынған генетикалық деректер базасымен жұмыс істей алатын; жүйелі, молекулалық және популяциялық талдау жүргізуге және алынған эксперименттік деректердің статистикалық мәнділік бағасын бере алатын; генетикалық тақырыптар бойынша пікірталасқа қосыла алатын, заманауи генетика мәселесі бойынша ғылыми көзқарастарын дәлелдей алатын; пәнаралық және көп векторлы командада жұмыс істей алатын маманды даярлауға бағытталған.
ББ мақсаты – халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ғылымның, білімнің, менеджменттің және өндірістің заманауи талаптарына жауап беретін, биотехнология және сабақтас пәндер саласында жан-жақты білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау;
Бағдарлама экономикалық қызметтің әртүрлі салаларына геоботаниктерді даярлауға, докторанттарды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды қанағаттандыра отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және педагогикалық білімнің жоғары сапасына қол жеткізуге бағытталған.
Пәнаралық бағыттың заманауи әдіснамасына негізделген ғылым, экономика, денсаулық сақтау, ұлттық қауіпсіздік және білім беру салаларындағы нейротехнологияның өңделуі мен қауіпсіздігі, интегративті нейроғылымның ғылыми-зерттеу, практикалық, сараптамалық-аналитикалық әрекеттері жүзеге асатын жаһандық еңбек нарығының талаптарына жауап беретін; әлемдік нейроғылымның дамуына үлкен үлес қосатын, халықаралық ғылыми қауымдастыққа енетін, қоғамның технологиялық прогресі мен әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін ғылыми зерттеулер үшін моральдық-этикалық жауапкершілікті көтеретін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға қабілетті, әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие, нейроғылым саласындағы халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау
Медицина, ауыл шаруашылығы, ветеринария, экология және әртүрлі өндіріс орындарындағы өзекті мәселелерді шешу үшін вирусология саласында жоғары білікті, кәсіби құзыреттікке ие ғылыми-педагогикалық және өндірістік-басқарушы мамандарды дайындау
Микробиологиялық талдаудың теориялары мен молекулалық биологиялық, биотехнологиялық әдістерге байланысты зерттеу салаларындағы, биологиялық, медициналық, экологиялық, ветеринариялық және ауылшаруашылық бейіндегі мемлекеттік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар, компаниялар мен мекемелер үшін микробиологтардың ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық және басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті, қазіргі заманғы пәнаралық негіздегі білімге ие, халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау.
Экология, табиғатты қорғау органдары, сумен жабдықтау және су бұрумен айналысатын компаниялар, энергетикалық компаниялар мен қалдықтарды басқару компаниялары, инженерлік фирмалар және ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мекемелерде жұмыс істеу үшін жоғары білікті кадрларды даярлау.
Балық шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті өз бетінше орындауға қабілетті, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 мекен-жайы бойынша.
Телефон номері : +7 727 221-10-00, +7 727 221-10-10.
Ішкі: 1000
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 – Қабылдау комиссиясы
Ішкі: 1000