Тарих факультеті
Құрметті талапкерлер! Тарих факультеті 70 жылдан астам уақыт бойы тарих саласындағы мамандарды даярлап келеді. Егер алғашқы жылдары факультетте 10-нан аса оқытушылар мен 300 студент оқыса, қазіргі таңда үш кафедра: Қазақстан тарихы, археология, этнология және музеология, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедралары жұмыс істейді. Кафедраларда 125-ке жуық профессор-оқытушылар құрамы 800-ге жуық студент, магистранттар және докторанттарға заманауи талаптарға сай білім беру бағдарламалары бойын ша білім беруде. Тарих факультеті шетелдік жоғары оқу орындарымен білім алмасуға мүмкіндік береді, қазіргі таңда 20-дан аса ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық қарым- қатынастар орнатылған. Оқу үдерісімен қатар студенттер факультеттің ғылыми жобаларын жүзеге асыруға белсене қатысады. Факультетте Т.О. Омарбековтің, Қ.Т. Жұмағұловтың, Б.Б. Карибаевтың, В. Зайберттің, Қ.С. Қаражанның, Ж.Қ. Таймағамбетовтің, Қ.М. Атабаевтың, У.Х. Шәлекеновтің, Ә.Т. Төлеубаевтың ғылыми мектептері қалыптасып, жұмыс істеуде. Факультет түлектері еліміздің орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік басқарма органдарында, мәдениет мекемелері мен ұйымдарында, халықаралық және ұлттық компанияларда, ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек етуде. Білім беру үдерісінің негізгі бөлігі өндіріс орындарындағы тәжірибені құрайтындықтан, студенттердің ғылыми іс-тәжірибелерін өтеу мекемелерінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де көп. Құрметті жас түлек! Егер сен табысты мансап жолын құрып, өмірде жетістікке жетем десең ҚазҰУ- дың тарих факультетін таңда! Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы
Байгунаков Досбол Сүлейменұлы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040 аль-Фараби даңғылы, 71
Факультет
Бакалавриат
Отандық және жалпы тарих саласында тарихи таным тұрғысынан тарих ғылымы саласындағы ғылыми проблемаларды шешуге қабілетті және ЖОО-да тарихи пәндерді олардың мазмұнын, даму перспективаларын және қазіргі қоғамның дүниетанымдық бағдарламаларын қалыптастыруға әсерін бағалау арқылы жаңа ғылыми тұжырымдамалар негізінде оқытуды қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау
Бағдарлама білім беру және ғылым, әлеуметтік-мәдени және мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби қызметінде жүйелі тарихи білім берудің инновациялық тәсілдерінің негізінде мамандардың құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтаумен айналысатын ұйымдар, музейлер үшін музеология, ескерткіштану мен мәдениеттанудағы жалпыға белгілі концептуалдық білімдер негізінде кәсіби мәселелерді шешуге, тәуелсіз жұмысқа қабілетті, әлемдік кеңістікке бейімделген мамандарды дайындауға бағытталған
Археологиялық ғылымның іргелі негіздерін түсінетін, әртүрлі тарихи кезеңдерде археологиялық мәдениеттер, егіншілік және көшпелі өркениеттер туралы білімі бар мамандар даярлау. Археологиядағы пәнаралық және заманауи сандық әдістер туралы түсінік қалыптастыру.
ББ мақсаты этнология және антропология саласындағы мамандарды сапалы даярлау, сондай-ақ антропология мен этнологияның негізгі даму тенденциялары мен проблемалары, этнологиялық және антропологиялық зерттеулердің әдістері, қажетті ақпаратты іздеуге және оны шығармашылық деңгейде пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіби дағдылар туралы негізгі идеяларды қалыптастыру., сондай-ақ осы саладағы далалық зерттеулерді жүзеге асырудағы практикалық дағдыларды іске асыруға бағытталған.
Дүниежүзі тарихы саласында жүйелі зерттеу құзыреттілігі мен тіл саласында практикалық дағдылары бар, шет тілін меңгерген, білікті тарихшыларды ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару, эксперттік-сараптамалық, мәдени-ағартушылық қызмет үшін даярлау.
Бағдарлама тарихи-мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыратын музейлер мен туристік ұйымдарға мамандар даярлауға; музейтану, туризм және ескерткіштанудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, кәсіби мақсат-міндеттерді қоя білетін және шеше алатын; өздігінен және топпен жұмыс істей алатын; әлемдік ғылыми қауымдастықпен және мәдени ұйымдармен өзара байланыса алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Әлеуметтік-мәдени антропология білім беру бағдарламасының мақсаты – адамзат қоғамындағы мәдени және әлеуметтік әртүрлілікті ғылыми тұрғыда түсініп, талдай алатын білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама түлектері әртүрлі мәдени контексттерде орын алатын үдерістерді, әлеуметтік құрылымдар мен мәдениетаралық өзара әрекеттестіктерді сыни тұрғыда бағалай біледі. Олар заманауи антропологиялық әдістерді меңгеріп, мәдениет, әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда кәсіби қызмет атқара алады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты- архив ісі, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және археография салаларында архивтік құжаттарды жинақтау, есепке алу, сақтау, сараптау, пайдалану және құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесі саласындағы кәсіби міндеттерді шешуге, құжаттық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуге, БҚҚ мен архивтерде әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қабілетті мамандарды даярлау.
Бағдарлама цифрландыру жағдайында ақпаратты іздеу, өңдеу мен таратуға және автоматтандырылған құралдарды енгізуге және пайдалануға қабілетті, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен жұмыс істеу дағдысы бар, жоғары білікті маман – библиографтар мен кітапханашыларды даярлауға бағытталған.
Мақсаты-IT білімі бар мамандардың қажеттілігін ескере отырып, ЭҚЖ архитектурасын әзірлеу, электронды құжат айналымын басқару, сандық архивті құру дағдыларын, архивтерді электронды ортада жасалған құжаттармен толықтыру, олардың құндылығын сараптау, архивтік есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық технологияларды қолдана отырып құжаттарды сақтау жөнінде білімдерді меңгерген құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі саласында жоғары білікті кадрларды даярлау.
Магистратура
Отандық және жалпы тарих саласында тарихи таным тұрғысынан тарих ғылымы саласындағы ғылыми проблемаларды шешуге қабілетті және ЖОО-да тарихи пәндерді олардың мазмұнын, даму перспективаларын және қазіргі қоғамның дүниетанымдық бағдарламаларын қалыптастыруға әсерін бағалау арқылы жаңа ғылыми тұжырымдамалар негізінде оқытуды қамтамасыз етуге жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау.
«Тарих және география» шектес саласында жоғары білікті, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде тарихи-географиялық пәндерді оқытуды ең жаңа ғылыми тұжырымдамалар негізінде, тарихи даму барысында қоғам мен географиялық ортаның өзара ықпалдастығы ерекшеліктерін түсіну негізінде қамтамасыз етуге қабілетті; пәнаралық зерттеулерде тарихи-географиялық таным тұрғысынан ғылыми мәселелерді шеше алатын; классикалық және инновациялық оқыту әдістері негізінде білім беру үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін; одан арғы оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінде өз бағдарламасын жасай алатын мамандар дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты тарихи білім саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды, тарих саласында өздігінен ғылыми зерттеулер жүргізу және әлемдік және қазақстандық тарихи ғылымның ғылыми-әдістемелік тұжырымдамаларын синтездеуге қабілетті маман даярлау. Отандық және халықаралық еңбек нарығында олардың қажеттіліктеріне және елдің және аймақтың даму перспективаларына сәйкес бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар – кадрлық потенциалды қалыптастыру.
Бағдарлама тарихи үдерістерді зерттеуде пәнаралық тәсілдер негізінде ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті, отандық және дүниежүзілік тарих саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
ББ мақсаты тарихи-мәдени, табиғи мұраны сақтауға қатысты зерттеу жұмыстарын қолданатын музей ісі, реставрация, консервациялық жұмыс, мәдениет ескерткіштерін қорғау саласында сапалы мамандарды даярлау.
Археология саласы бойынша ғылыми-педагогикалық кадырларды дайындау ғылым, білім беру, тарихи-ағартушылық бағытарындағы салалар үшін, көшбасшылық қасиеттеріне тән өзіндік құндылықтарды бағалай білетін, археологиялық қазба жұмыстары барысында АТ-ны технологияларын қолдана білетін тілдік құзыреттілігі бар, археология саласына жаңа теорияларды қазіргі білім жүйесіне енгізу және жалпылай біліу, қазба жұмыстарын жүргізе отырып эксперименталды және қолданбалы зерттеулер кезінде, экспедициялар ғылыми танымның заманауи әдістері мен құралдарымен және археологиялық пәндерді оқыту кезінде оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен технологияларын енгізу
Білім беру бағдарламасынының мақсаты - этнология және антропология теориясы мен әдіснамасы саласында жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттілік пен іргелі білімдерге ие; мәліметтерді жинау мен талдаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгерген, оларды практикалық жұмыста әртүрлі салаларда (антропология, этнология, әлеуметтану, экономика, саясаттану, құқықтану және т. б.) базалық теориялық біліммен ұштастыра алатын магистранттарды даярлау.
Архивтану және құжаттану саласында ғылыми-білім беру, әдістемелік және басқарушылық кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға қабілетті, ғылыми-зерттеу, инновациялық жұмыс әдістерін және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануға қабілетті, мақсат қою және оларды іске асыруға қол жеткізетін жоғары білікті мамандарды дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - ақпараттандыру мен инновациялауды жүзеге асыра отырып, әр түрлі типтегі кітапханаларда кітапханалық және библиографиялық жұмыс теориясы мен әдістемесін ұйымдастыруды және жаңа технологияларды жетік меңгерген сапалы кадр мамандарын даярлау.
Мақсаты- құжаттану және архивтану саласында IT-ны қолдану дағдыларын меңгерген, цифрландыру жағдайында электрондық құжат айналымы жүйесі мен архивтерді басқару саласындағы қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Бағдарламаның мақсаты басқаруда, іс жүргізуде және архивтерде электронды құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың теориясы мен практикасын зерттеу негізінде, ресейлік және қазақстандық тарихи тәжірибелерді және шетелдік тәсілдерді басшылыққа алып, электронды құжат айналымының қазіргі заманғы жүйелерін, әлеуметтік және коммуникациялық желілерді, интернетті, ақпараттық архив жүйелерін және ақпараттық менеджмент әдіснамасын пайдалана отырып, магистранттардың электронды құжатты ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, басқарушылық, құқықтық, тұлғааралық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін адам өркениетінің қазіргі жетістіктерінің бірі-ақпараттық өнім ретінде туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Бағдарлама «Ақпараттық қоғам», «Ақпараттық Қазақстан – 2020», «Цифрлы экономика», «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының ережелеріне сай және электронды үкіметтің, құжат айналымының бірыңғай электронды жүйесінің (ҚАБЭЖ) іс-қимылы мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде іске асыру жағдайында кез келген ұйымдарда, басқару жүйелерінде, ақпараттық жүйелерде және архивтерде электронды құжаттардың басқару саласындағы магистранттардың білімін, машықтарын және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Архив ісі, құжаттаманы басқару және археография салаларында қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде құжаттамалық қамтамасыз ету, архив құжаттарын жинақтау, пайдалану, жариялау және сақтау саласындағы заманауи практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті бейінді бағыттағы мамандарды даярлау.
"7М03224 - Кітапханалық-ақпараттық жүйелер" бейіндік бағытын дайындау бойынша білім беру бағдарламасы кәсіби қызметтің басқарушылық және әдістемелік түрлерін жүзеге асыруға қабілетті, жұмыстың практикалық әдістері мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдана алатын және мақсаттар қоюды және оларды іске асыруға қол жеткізуді негіздей алатын кітапхана саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған
Докторантура
Білім беру бағдарламасының мақсаты: ақпарат құралдарын критикалық қабылдау мен бағалау дағдылары бар, дүниежүзі және отандық тарихтың өзекті мәселелері бойынша логикалық ой құрап, еркін ойын білдіріп, дәлелдер арқылы өз тұжырымдарын негіздей алатын, тарих және пәнаралық зерттеулер бойынша методологияны меңгерген және ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрсете білетін, көшбасшы қабілеті бар жоғары квалификациялы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету (отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды) болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты музейдің және ескерткіштерді қорғаумен айналысатын, соның ішінде халықаралық мекемелердің, ғылыми зерттеу бағытын жүзеге асыру үшін сапалы докторанттарды дайындау; қазіргі заманғы музеология саласының концепциясы және ғылыми теориясын жүйелеу және интерпретациялауды жүзеге асыратын маман даярлау; мәдениет мекемелерін басқару және маркетингтік қызметін жүзеге асыру; сондай ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сараптамасын жүргізу; музейтану ғылымының жаңа басым дамудағы бағыттарын дамытуға негізделген әдіснамаларды меңгеру. Бағдарлама мәдениет саласы мамандардарына деген сұранысқа жауап береді, сондай ақ, қазіргі заманғы музейлердің кең көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты істерін меңгереді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - өрелі әдіснамалық негізде далалық ізденістер жүргізетін, артефактылар мен табылған олжаларды зертханалық-камералық өңдеуден өткізетін, кабинеттік теориялық зерттеулер атқара алатын, археологиядағы күрделі мәселелерді бағалай алатын және шешетін, ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерін ғылыми қорытынды, ұсыныстар, есептер, сараптамалар тұрпатында болжамдайтын қабілетті ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – этнология және антропология ғылымы саласындағы мәліметтермен ақпараттарды сыни талдау, баға беру, синтездеуге айқын қабілетті, сондай ақ этносаяси мәселелер мен шиеленістерді шешу үшін нақты алгоритмдер құра алатын жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілігі бар білікті маман дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - теориялық және практикалық ойлауы, көшбасшылық қасиеттері бар, өзіндік дәлелді ұстанымын қалыптастыратын, қазіргі заманғы IT негізінде құжаттану, архивтану және педагогикалық қызмет салаларында іргелі және пәнаралық зерттеулерді ұсына алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - кітапхана ісі саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілеті бар, ғылыми әдістерді кітапхана мәселелерін зерттеуде, кітапхананы басқару жүйесінде қолдана алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Бағдарлама түлектері кітапхана ісіне байланысты мәселелер бойынша сараптамалық және басқарушылық қызметті жүзеге асырып, кітапхананың ақпараттық жүйесі туралы ғылымның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіріп, кітапхана ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, зерттеу нәтижелерін негіздейді
Білім беру бағдарламалары
Тарих факультетінің білім беру бағдарламалары
Байлансы деректері - +7 (727) 377-33-30
|
№ |
Шифр |
Білім беру бағдарламасының атауы |
Наименование образовательной программы |
Educational program name |
|
|
Бакалавриат |
|||
|
|
6B02205 |
Тарих |
История |
History |
|
|
6B02206 |
Музей ісі және ескерткіштерді қорғау |
Музейное дело и охрана памятников |
Museum Studies and Monuments Protection |
|
|
6B02210 |
Археология |
Археология |
Archeology |
|
|
6B03204 |
Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету |
Архивоведение, документоведение и документационное обеспечение |
Archival Studies, Documentation and Documentation Provision |
|
|
6B03208 |
Сандық архивтану және құжаттану |
Цифровое архивоведение и документоведение |
Digital archival Studies and Documentation Science |
|
|
6B03205 |
Кітапханалық ақпараттық жүйелер |
Библиотечные информационные системы |
Library Information System |
|
|
Магистратура |
|||
|
|
7M02210 |
Тарих |
История |
History |
|
|
7M02219 |
Археология |
Археология |
Archeology |
|
|
7M02212 |
Музей ісі және ескерткіштерді қорғау |
Музейное дело и охрана памятников |
Museum Studies and Monuments Protection |
|
|
7M03207 |
IT Архивтану және құжаттану |
IT Архивоведение и документоведение |
IT Аrchival studies and documentation |
|
|
7M03205 |
Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету |
Архивоведение, документоведение и документационное обеспечение |
Archival Studies, Documentation and Documentation Provision |
|
|
7M03208 |
Архивтану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету (РМГУ) |
Архивоведение и документационное обеспечение управления (РГГУ) |
Archival Studies and Documentation Provision of Management (RSUH) |
|
|
7M03206 |
Кітапханалық ақпараттық жүйелер |
Библиотечные информационные системы |
Library Information System |
|
|
7M02208 |
Дүние жүзі тарихы (Ла Сапиенца) |
Всемирная история (Ла Сапиенца) |
World Histopy (LS) |
|
|
7M01601 |
Тарих |
История |
History |
|
|
7M01602 |
Тарих және география |
История и география |
History and Geography |
|
|
7M02213 |
Ұлттық тарих |
Национальная история(Cт.У) |
National history |
|
|
7M02214 |
Көпшілік тарихы |
Публичная история |
Public history |
|
|
7M02223 |
Еуразия археологиясы |
Археология Евразии (Ғылым Ордасы) |
Archeology of Eurasia |
|
|
7M02222 |
Тарих (Ғылым Ордасы) |
История (Ғылым Ордасы) |
History |
|
|
Докторантура |
|||
|
|
8D02206 |
Тарих |
История |
History |
|
|
8D02210 |
Археология |
Археология |
Archeology |
|
|
8D02207 |
Музей ісі және ескерткіштерді қорғау |
Музейное дело и охрана памятников |
Museum Studies and Monuments Protection |
|
|
8D03205 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету |
Архивоведение, документоведение и документационное обеспечение |
Archival Studies, Documentation and Documentation Provision |
|
|
8D03206 |
Кітапханлық ақпараттық жүйелер |
Библиотечные информационные системы |
Library Information System |
|
|
8D02214 |
Тарихи демографиядағы инновация (Ғылым ордасы) |
Инновации в исторической демографии (Ғылым ордасы) |
Innovation in historical demography |
|
|
8D02213 |
Еуразия археологиясы |
Археология Евразии (Ғылым Ордасы) |
Archeology of Eurasia |