«Әлеуметтік миссиясы бар кәсіпкерлік: бастаушы кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер» тақырыбында мастер-класс өтті.Farabi University

«Әлеуметтік миссиясы бар кәсіпкерлік: бастаушы кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер» тақырыбында мастер-класс өтті.

27 ақпан, 2026

«Әлеуметтік миссиясы бар кәсіпкерлік: бастаушы кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер» тақырыбында мастер-класс өтті.
Іс-шараның спикері – «ШЫНТӨРЕ» ЖШС директоры, кәсіпкер, құрылыс саласының үздігі Әзілхан Зайыров.
Мастер-класс барысында әлеуметтік бағыттағы бизнесті бастаудың жолдары, оның қоғамға және экономикаға әсері кеңінен талқыланды.
Спикер жеке тәжірибесіне сүйене отырып, әлеуметтік миссия мен тұрақты табысты үйлестірудің нақты мысалдарын ұсынды.
Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау тетіктері және даму перспективалары туралы құнды ақпарат алды.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, сұрақ-жауап алаңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Мастер-класс бастаушы кәсіпкерлерге мотивация беріп, жаңа идеяларға серпін сыйлады.