ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті: жеңімпаздар анықталды
2026 жылғы 2–3 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті . Аталған конференция жаһандық өзгерістер, цифрландыру, Industry 4.0 технологияларын енгізу және тұрақты экономикалық даму мәселелерін талқылауға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.
Конференция аясында қатысушылар экономика, логистика, мемлекеттік басқару, цифрлық трансформация және инновациялар салаларын қамтитын теориялық және қолданбалы баяндамалар ұсынды. Секциялық отырыстар барысында жас зерттеушілер өз ғылыми жұмыстарының жоғары деңгейін, өзектілігін және практикалық маңыздылығын көрсетті.
Іс-шара Қазақстанның және шетелдің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдарын біріктіріп, ғылыми идеялармен алмасуға, тәжірибе жинақтауға және академиялық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Конференция қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталды:
– Базарбекова Жанерке Шыңғысқызы және Совет Қайрат Аянұлы, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 6B11301 – Логистика (сала бойынша) білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері;
– Әбдірова Дариға Есжанқызы, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 7M04102 – Экономика білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты;
– Әшімов Әмір Асқарұлы, 6B04101 – Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының студенті.
Жеңімпаздар ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейі, тақырыптарының өзектілігі және практикалық маңыздылығы үшін марапатталды.
Университет тарапынан берілген марапаттармен қатар, конференция серіктестері де жеңімпаздарды қолдады. Атап айтқанда, InterPress IH білім беру орталығы жеңімпаздарға 2 айлық тегін ағылшын тілі курсына сертификаттартабыстады. Бұл олардың академиялық және кәсіби дамуына қосымша мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, барлық жүлдегерлер APX компаниясынан арнайы сертификаттармен марапатталды, бұл олардың жетістіктерінің жоғары деңгейде мойындалғанын көрсетеді.
«Фараби әлемі» конференциясының өткізілуі білім алушылардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға, академиялық жазу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ олардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді.
Аталған іс-шара жас ғалымдарды қолдау, ғылыми әлеуетті дамыту және халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялану бағытындағы маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Басқа жаңалықтар