- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің халықаралық конференциядағы жарқын жеңісі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің халықаралық конференциядағы жарқын жеңісі
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім берумен ғана емес, ғылыми-зерттеу бағытында да үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Университеттің Экономика және бизнес жоғары мектебі студенттері халықаралық деңгейде өз білімдерін дәлелдеп, беделді ғылыми алаңдарда жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.
Осындай жетістіктердің бірі – «Логистика» мамандығының студенттері Совет Қайрат пен Базарбекова Жанеркенің «Әл-Фараби әлемі» халықаралық студенттік конференциясы аясында бірінші орын иеленуі болды. Бұл жетістік студенттердің ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейде екенін және логистика саласындағы терең білімін көрсетеді.
Аталған конференция жыл сайын өткізіліп, студенттер мен жас ғалымдарға өз ғылыми идеяларын ұсынуға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық платформа болып табылады. Биылғы конференцияда қатысушылар өз зерттеулерінде заманауи логистиканың өзекті мәселелерін, оның ішінде жеткізу тізбегін оңтайландыру, көлік логистикасының тиімділігін арттыру және цифрлық технологияларды енгізу бағыттарын қарастырды. Совет Қайрат пен Базарбекова Жанеркенің ғылыми жұмысы логистикалық процестерді жетілдіруге бағытталған инновациялық ұсыныстарымен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Студенттердің ғылыми жетістігі олардың жетекшісі – Бизнес технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Абдикул Шынар Нурмухаметовнаның кәсіби жетекшілігімен тығыз байланысты. Ғылыми жетекшінің бағыт-бағдары мен тәжірибесі студенттердің зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруға және олардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға үлкен ықпал етті.
Бұл жеңіс тек жекелеген студенттердің ғана емес, бүкіл университет ұжымының ортақ жетістігі болып табылады. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы логистика саласының дамуына үлес қосатын болашақ мамандардың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда халықаралық логистика – экономиканың стратегиялық маңызды салаларының бірі, сондықтан мұндай ғылыми жетістіктердің маңызы зор.
Совет Қайрат пен Базарбекова Жанеркенің жетістігі – жастардың ғылымға деген қызығушылығының, табандылығының және сапалы білімнің нәтижесі. Бұл жеңіс олардың болашақ кәсіби жолына сенімді қадам болып қана қоймай, басқа студенттерге де үлкен мотивация береді.
Автор: Абдикул Ш.Н.
Басқа жаңалықтар