Стартап жобалар байқауында 3-ші орын!Farabi University

Стартап жобалар байқауында 3-ші орын!

13 сәуір, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен стартап жобалары байқауында «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алатын 1-курс магистранты Дарьябаева Амина Бекполатовна (ғылыми жетекшісі — PhD докторы, қауымдастырылған профессор Наталия Александровна Товма) ІІІ орынға ие болды. Байқауға бастапқы кезеңде 120 өтінім ұсынылып, олардың ішінен 22 жоба екінші кезеңге өтті. Финалдық кезеңге 11 қатысушы жолдама алды. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Теңіз балдырлары негізінде биологиялық ыдырайтын қаптама әзірлеу» тақырыбындағы стартап жобасы үшін Дарьябаева Амина Бекполатқызы ІІІ орын берілді. Жобаның негізгі идеясы — теңіз балдырларынан биологиялық ыдырайтын қаптама жасап, оны нарыққа енгізу стратегиясын ұсыну. Теңіз балдырларына негізделген биологиялық ыдырайтын қаптама экологиялық тазалығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігіне байланысты түрлі салаларда қолданылуы мүмкін. Қолданылу салалары: тамақ өнеркәсібі, фаст-фуд индустриясы, тағам жеткізу қызметтері, косметика индустриясы. Аталған стартап жоба экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді, өйткені экологиялық қаптама қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді. Пластик 200–500 жыл аралығында ыдырайды, ал теңіз балдырларынан жасалған қаптама бірнеше апта ішінде толық ыдырайды. Осылайша, биологиялық ыдырайтын қаптама экологиялық қауіптерді азайтып, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосады.