ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МӘЛІМДЕМЕСІ — ҚазҰУ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МӘЛІМДЕМЕСІ

12 қыркүйек 2026
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МӘЛІМДЕМЕСІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МӘЛІМДЕМЕСІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің оқытушыларына қатысты төмендегіні хабарлайды:
Журналистика факультетінің профессоры Кәкен Хамзин мен доцент Темірғали Көпбаевтың еңбек шарттарының қолданылу мерзімі аяқталды. 
Аға оқытушы Ермахан Шайхы академиялық біліктілігін анықтау мақсатында өткізілген конкурстық комиссия отырысына қатыспады және белгіленген рәсімнен өтуден бас тартты.
Аға оқытушы Мұрат Шаймаран академиялық талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізілген конкурстан өте алмады.
Лауазымға қабылдау рәсімі жоғары оқу орындарында белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын жүргізіледі. 
Арнайы құрылған конкурстық комиссия өтініш берушілердің ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін, педагогикалық тәжірибесі мен дәріс беру біліктілігін және өзге де белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды.  
Тиісті шешімдер қолданыстағы заңнамаға және университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қабылданады.

 

Алина Көлбайқызы Галеева, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер бойынша проректор