Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында, №4 Студенттер үйінде «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.Farabi University

Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында, №4 Студенттер үйінде «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.

17 наурыз, 2025

15.03.2025ж. №4 Студенттер үйінде География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 курс куратор-эдвайзері, г.ғ.к. аға оқытушы Ө.Ж.Сағымбайдың жетекшілігімен «6В07303- Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының студенттері ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында,«Қазақтың салт-дәстүрлері» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.

Іс-шараға №4 Студенттер үйінің студенттері белсенді қатысып, ұлттық мәдениеттің бай мұрасын терең түсіну мен құрметтеу мақсатында өз білімдерін сынады. Ойын барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетті.

Үздік көрсеткіштермен ерекшеленген «Шаңырақ», «Сәйгүлік» және «Беташар» топтары жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара студенттерге ұлттық құндылықтарды насихаттап, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, өзара біліммен бөлісудің маңыздылығын көрсетті. Іс-шара қатысушыларға ұмытылмас сәттер мен қуанышты көңіл-күй сыйлап, оларды өз халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге ынталандырды.