БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының жұмысы
Әл-Фараби атындағы Біліктілігін арттыру және қосымша білім беру институты (БАжҚББИ) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 14-маусымдағы № 474 бұйрығына, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 2002 жылғы 4-шілдедегі № 6-21-335 шешіміне және ректордың 2002 жылғы 18-шілдедегі № 170 бұйрығына сәйкес өз қызметін іске асырып келеді.2016 жылдың 21 желтоқсанында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Институт Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты (БАжҚББИ) болып қайта құрылды
БАжҚББИ 40 ғылыми бағыт және 368 мамандандыру бойынша ҚР ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру жүзеге асырады; мектеп мұғалімдеріне арналған өзекті тақырыптарда біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып жүргізіледі, сонымен қатар кәсіби қайта даярлау мен қосымша білім беру аясында оқыту жүргізілді.
Байланыс
Налибаева Саракуль Машбековна
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ біліктілікті арттыру
және қосымша білім беру
институт директоры
Телефон: +7 (727) 377 33 33 (ішкі нөмір 14 61)
E-mail: Sarakul.Nalibayeva@kaznu.kz
Ахметжанова Лейла Бекежановна
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ біліктілікті арттыру
және қосымша білім беру
институтының бас маманы
Телефон: +7 (727) 377 33 33 (ішкі нөмір 14 61)
E-mail: Leila.Axmetzhanova@kaznu.kz
Билдебаева Дидар Ауелбаевна
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ біліктілікті арттыру
және қосымша білім беру
институтының бас маманы
E-mail: Didar.Bildebayeva@kaznu.kz
Телефон: 8 (727) 377 33 33 (ішкі нөмір 14 61, 14 63)
Абдулина Наргиз Альвиевна
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ біліктілікті арттыру
және қосымша білім беру
институтының бас маманы,
философия докторы (PhD)
E-mail: Nargiz.Abdulina@kaznu.kz
Телефон: 8 (727) 377 33 33 (ішкі нөмір 14 61, 14 63)
Осы сілтеме бойынша электрондық өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/
БАжҚББИ қызметкерлері сізбен байланысады.
ӨТІНІШ / БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ / КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ / ҚАЙТА ДАЯРЛАУ
Оқу үдерісінің негізгі бағыттарын ұйымдастыру және жүзеге асыру
Институт өз қызметін «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БАжҚББИ туралы ережесіне» сәйкес жүргізеді, институттың міндеттері осы Ереженің мазмұнынан туындайды. Біліктілікті арттыру жәңе қосымша білім беру институты (БАжҚББИ) қызметінің негізгі бағыттары:
- білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
- арнайы бағдарламалар бойынша әртүрлі профильді ұйымдар мен мекемелердің мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
- ғылым мен техниканың сәйкес салаларындағы жаңа жетістіктер, отандық және шетелдік озық тәжірибелер жайлы мамандардың білім алу қажеттілігін қанағаттандыру;
- білім беру саласында ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, кеңес беру қызметі;
- жұмыс профилі бойынша бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, басқа да құжаттар мен материалдарды ғылыми сараптау;
- білім беру ұйымдарының қызметкерлерін дайындау сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік материалдарды дайындау;
- жаңа технологиялар мен оқыту әдістемелерін сынақтан өткізу, енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу;
- ғылыми-педагогикалық тәжірибені зерттеу, тұжырымдау және тарату.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Экономика және бизнес жоғары мектебі, Философия және саясаттану факультеттерінің ғалымдарымен бірлесіп университет басшылары мен әкімшілігіне, ғалым оқытушыларына арналған «Жоғары оқу орындарындағы менеджмент» (72 сағат) біліктілікті арттыру курсын өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
"Жоғары білім менеджменті" (72 сағат)
Негізгі тақырыптар:
✓ Басқару негіздері
✓ Білім беру жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамуын басқару
✓ Стратегиялық басқару
✓ Өзгерістерді басқару
✓ Ғылыми жобаларды әзірлеудің негізгі тәсілдері мен ұсынымдары: қазақстандық практика
✓ Жоғары білім саласындағы қаржы менеджменті
✓ Университеттегі үнемді технологиялар құралдары
✓ ЖОО-да ғылыми жобаларды ұйымдастыру
✓ Жоғары білім саласындағы тайм-менеджмент
✓ Корпоративтік мәдениетті дамыту
✓ Білім беру сапасын мониторингілеу
✓ Қызметкерлердің профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту
✓ Басқару қызметіндегі конфликтологиялық сауаттылық
✓ Көшбасшылық және қарым-қатынас
✓ ЖОО оқытушыларының эмоционалды қажуын диагностикалау және алдын алу
✓ ЖОО-да инклюзивті білім беру
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Экономика және бизнес жоғары мектебі, Философия және саясаттану факультеттерінің ғалымдарымен бірлесіп университет басшылары мен әкімшілігіне, ғалым оқытушыларына арналған «Power BI көмегімен жоғары оқу орнын аналитикалық басқару» (72 сағат), біліктілікті арттыру курсын өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Power BI көмегімен жоғары оқу орнын аналитикалық басқару» (72 сағат)
Курс университет басшылары мен әкімшілігі үшін қуатты деректерді талдау құралы - Power BI-ны игеру мүмкіндігін білдіреді. Шешім қабылдауда деректер шешуші рөл атқаратын қазіргі білім беру контекстінде деректермен тиімді жұмыс істей білу және олардан құнды түсініктерді алу табысты басқарудың ажырамас бөлігіне айналады. Бағдарлама арқылы тыңдаушылар интерактивті бақылау тақталарын құруды, әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіруді, Графиктер мен диаграммалар арқылы ақпаратты визуализациялауды, сондай-ақ студенттерді қабылдау, оқу үлгерімі және басқа да маңызды параметрлер бойынша статистиканы талдауды үйренеді.
Модуль I. Power BI-ге кіріспе және аналитикалық әдістердің негіздері
Power BI Desktop бағдарламасын орнату және конфигурациялау
Power BI Service көмегімен есептерді жариялау және тарату
Power BI-де аналитикалық әдістерді қолдану мысалдары.
II Модуль: Аналитикалық әдістердің негіздері және Power BI интеграциясы
Data Analysis Expressions (DAX) кіріспе: синтаксис негіздері, функциялары және формулалары.
DAX көмегімен негізгі есептеулер мен шараларды құру.
Power BI қызметіндегі қол жетімділік пен қауіпсіздікті басқару негіздері.
Есептерді жергілікті қолданбалар мен веб-сайттарға енгізу үшін Power BI Embedded-ке кіріспе.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Экономика және бизнес жоғары мектебі, Философия және саясаттану факультеттерінің ғалымдарымен бірлесіп университет басшылары мен әкімшілігіне, ғалым оқытушыларына арналған "ЖОО ғалым оқытушыларының IT-құзыреттері" (72 сағат) біліктілікті арттыру курсын өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
"ЖОО ғалым оқытушыларының IT-құзыреттері" (72 сағат)
1 Модуль: Онлайн оқыту әдістемесінің негіздері
2 Модуль: Онлайн оқыту әдістемесін практикалық қолдану
3 Модуль: Білім берудегі АКТ және цифрлық технологиялар
4 Модуль. Coursera платформасымен жұмыс істеу негіздері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Философия және саясаттану, Медицина және денсаулық сақтау факультеттерінің ғалымдарымен бірлесіп университет басшылары мен әкімшілігіне, ғалым-оқытушыларына арналған «Жоғары оқу орындарында замануи оқыту технологиялары» (72 сағат) біліктілікті арттыру курсын өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі.
Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Жоғары оқу орындарында замануи оқыту технологиялары» (72 сағат)
1. Жоғары білімнің қазіргі парадигмасы.
2. Шетелде жоғары кәсіптік білім.
3. Жалпыеуропалық құзыреттілік тәсіл жүйесін қалыптастыру және құзыреттерді анықтау. TUNING жобасындағы білім беру құзыреттілігі. Жаһандық және негізгі құзыреттер.
4. Университеттегі оқыту теориясы-дидактика. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері. Оқытудың жалпы заңдылықтары мен принциптері. Оқытудың заманауи стратегиялары (ЮНЕСКО және т. б.). TLA-білім беру стратегиясы (teaching - learning - assessment).
5. Маман моделін анықтаудағы құзыреттілік тәсіл. Дублин дескрипторлары. Құзыреттілік жоғары мектептің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізі ретінде.
6. Инновациялық білім беру технологиялары:
✓ Танымдық оқыту технологиясы: мәні, белгілері, негізгі ережелері, мазмұны.
✓ Сыни ойлауды дамыту технологиясы: мәні, белгілері, негізгі ережелері, мазмұны, критериалды-бағалау бөлігі.
✓ Ойын оқыту технологиясы: мәні, белгілері, негізгі ережелері, мазмұны, дидактикалық мүмкіндіктері.
✓Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиялары.
✓Case-study технологиясы: мәні, белгілері, негізгі ережелері, мазмұны, дидактикалық мүмкіндіктері.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Философия және саясаттану, Медицина және денсаулық сақтау факультеттерінің ғалымдарымен бірлесіп университет басшылары мен әкімшілігіне, ғалым-оқытушыларына арналған «Тренингтерді ұйымдастыру және өткізу әдістері» біліктілікті арттыру курсын өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі.
Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Тренингтерді ұйымдастыру және өткізу әдістері» ( 72 сағат)
✓ "Әлеуметтік-педагогикалық тренингтің" түсінігі мен мәні.
✓Әлеуметтік-педагогикалық тренингтің жіктелуі, түрлері.
✓Әлеуметтік-педагогикалық тренингті ұйымдастырудағы тәсілдер.
✓ Тренингтің жалпы архитектурасы және архитектоникасы.
✓ Әлеуметтік-педагогикалық тренинг өткізу технологиясы. Тренингтік бағдарламаны ресімдеуге қойылатын талаптар.
✓ Әлеуметтік-педагогикалық тренинг өткізудің әдістемелік және ұйымдастырушылық ерекшеліктері. Тренинг өткізудегі педагогикалық әдістер. Тренингтегі жаттығулардың әдістемелік ұсыныстары.
✓ Әлеуметтік-педагогикалық тренингтегі топтың динамикасы.
✓ Тренингтегі жаттықтырушының жеке басы.
✓Case-study технологиясы: мәні, белгілері, негізгі ережелері, мазмұндық бөлігі, дидактикалық мүмкіндіктері.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Философия және саясаттану, Медицина және денсаулық сақтау факультеттерінің ғалымдарымен бірлесіп университет басшылары мен әкімшілігіне, ғалым-оқытушыларына арналған «Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру» (72 сағат) біліктілікті арттыру курсын өткізетіндігін хабарлайды. Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
"ЖОО-да инклюзивті білім беру" (72 сағат)
Курстың мақсаты - тыңдаушылардың ЖОО-да инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдіснамалық принциптері мен нысандарын игеруі.
Бағдарламаның мазмұны:
✓Мүмкіндігі шектеулі студенттерді денсаулық жағдайына байланысты оқыту
✓ Мүмкіндігі шектеулі студенттерді оқыту әдістері: o көру қабілетінің бұзылуы o сөйлеу бұзылыстары o созылмалы аурулар o тірек-қимыл аппаратының бұзылуы o туа біткен немесе жүре пайда болған мүгедектік.
✓Оқу аймақтарына қол жетімділікті ұйымдастыру: сыныптар, оқу аудиториялары, шеберханалар, зертханалар, кітапханалар және шығармашылық студиялар.
✓ Мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқу үдерісіне барынша интеграциялануы.
✓ Мүмкіндігі шектеулі студенттерді қашықтықтан оқыту.
✓ Мүмкіндігі шектеулі студенттердің емтихан тапсыру шарттары.
✓ Мүмкіндігі шектеулі студенттердің тұруы және бос уақыты.
✓ Мүмкіндігі шектеулі студенттермен әлеуметтік жұмыс.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты “Қазақ тілінің өзекті мәселелері” атты семинар-тренинг өткізетіндігін хабарлайды.
“Қазақ тілінің өзекті мәселелері” (семинар-тренинг)
МАҚСАТЫ:
ҚР мектептері мен ЖОО-да қазақ тілін оқытудың сәйкестігі, сабақтастығы бойынша қалыптасқан проблемалардың шешу жолдарын талдау.
БАҒЫТЫ:
- Жаңартылған білім беру бағдарламасы: бүгінгі тәжірибе мен болашағы;
- Мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемелік негізі;
- А. Байтұрсынұлы ұстанымдары: өміршеңдігі мен негізділігі;
- ЖОО-дағы қазақ тілі: функционалдық-семантикалық парадигма;
- Мектеп пен ЖОО сабақтастығы: бағдарламадағы сәйкестік пен сәйкессіздік
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты «Цифрлы қазақ тілі» атты курс өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Цифрлы қазақ тілі»
«Цифрлы қазақ тілі» пәні - тілдің коммуникативтік әлеуетін кеңейтуге байланысты цифрлы кеңістікте қазақ тілін қолдану аясында жасалған ақпараттармен таныстыра отырып, оның ерекшелігін талдап қарастырады. Қазақ тілі жүйесі бойынша жасалған Корпустық сөздікпен, оның құрылымымен таныстырып, дәріс барысында қолданудың әдістемелік мәнін түсіндіреді.
Тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен білім тіліне айналдыру, цифрлы кеңістіктегі рөлін арттыру сияқты маңызды мәселелерге назар аударылады.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты «Қазақ тілін заманауи оқытудың тиімді жолдары» атты курс өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Қазақ тілін заманауи оқытудың тиімді жолдары»
Қазақ тілін заманауи оқытудың тиімді жолдары. Мемлекеттік тілдің қазіргі заманғы заманауи қажеттіліктерге толық икемділігін таныту мақсатында ақпараттық технологиялық құралдар мен әдістемелік нұсқаулықтарды толық пайдалана отырып, инновациялық даму үдерісіне сәйкес дәріс берудің тиімді жолдарын оқыту. Проблемалық оқыту технологиясы, сыни ойлау тұрғысынан оқытуды қазіргі білім беру үдерісіндегі басты бағыттар ретінде бағалай отырып, тыңдаушылардың шығармашылық белсенділігі мен мүмкіндіктерін ұлғайту, ұлттық дүниетанымы мен эстетикалық көзқарасын жаңғырту мақсатында оқытудың тиімді жолдарын көрсету.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты «Қолданбалы қазақ тілі» атты курс өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Қолданбалы қазақ тілі»
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қолданысын арттыру, даму тетіктерін жетілдіру мақсатында тілдің басты қолданбалы аспектілеріне назар аударылады. Қазақ тілінің өміршеңдігі мен функционалдық ерекшелігіне әлеуметтік сараптама жасау, оқытудың инновациялық әдістерін меңгерту, шешендік өнерге баулу технологиясы мен әдістері, қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқытудың тиімді стратегиялар жүйесі терең талданып оқытылады.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты тұрақты даму мақсаттары фокусындағы біліктілікті арттыру курстарын өткізетіндігін хабарлайды.
Оқудың формасы (күндізгі, қашықтықтан Zoom, МТ) тапсырыс берушінің мүдделерін ескере отырып бекітіледі. Курстан өткен тыңтаушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
«Тұрақты даму мақсаттары фокусындағы біліктілікті арттыру курстары»
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 2030 жылға дейін 17 негізгі бағытты қамтиды. Бүгінгі күні Қазақстанның ТДМ-на қол жеткізу мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның 205-і ғаламдық, ал 75-і ұлттық индикаторлар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда Әлеуметтік сенімсіздік пен теңсіздікті жою, Халықтың үкіметке деген сенімін қалпына келтіру, Экологиялық тұрақтылықты сақтау, Жоғары тиімді экономикалық өсуге ықпал ету бағыттартын қолдайды.
Цель: совершенствование коммуникативных навыков письменной и устной речи на иностранном языке.
Задачи: - развитие слушательных и произносительных навыков в стандартных коммуникативных ситуациях на языке;
- расширение лексического запаса слов и выражений общего характера;
- углубление знаний грамматической системы на иностранном языке
- активизация использования иностранного языка для приобретения личностного знания;
ОБЩИЕ КОМПЕТЕНЦИИ:
инструментальные: умение использовать практические навыки во всех видах речевой деятельности на иностранном языке; способность к восприятию, анализу и обобщению информации; логически и грамматически правильному оформлению высказывания;
межличностные: способность брать на себя ответственность; стремиться к успеху; развивать лидерские качества; способность самостоятельно принимать решения, выражать свою позицию, креативно мыслить; уметь адаптироваться к меняющимся условиям;
системные: способность воспринимать язык как важнейшее средство общения; ориентироваться в системе понятий и терминов; применять теоретические знания русского и иностранных языков в учебной деятельности;
предметные компетенции: уметь использовать знание структуру иностранного языка для совершенствования умений во всех видах речевой деятельности с целью формирования профессиональной компетенции; владеть современными информационными системами поиска информации.
Результаты обучения: – повышение уровня владения иностранным языком в общепринятых сферах функционирования языков.
Письмо; Планирование, написание письменных работ на различные темы в рамках программы; умение писать о настоящих и вымышленных событиях, писать грамотно, не допуская орфографических и грамматических ошибок.
Чтение; Понимание основного содержания художественных текстов на различные темы в рамках программы и выделение в них ключевой информации, определение значения слов по контексту; распознавание отношения и мнения автора; использование различных бумажных и цифровых источников для проверки значения слов и углубления понимания прочитанного.
Говорение; Использование слов официального и разговорного стилей речи в беседе на различные темы в рамках программы; умение задавать более сложные вопросы для получения необходимой информации; выражать собственное мнение; реагировать на неожиданные комментарии; пересказывать истории и события.
Байланыс
әл-Фараби ҚазҰУ атындағы
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты.
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71,
e.mail: ipk.kaznu@gmail.com
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты (БАжҚББИ) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін 18 бағыт және 368 мамандық бойынша (офлайн және онлайн форматта) біліктілігін арттыру курстарын өткізетінін хабарлаймыз. Курс ұзақтығы – 4 апта (144 сағат), 3 апта (108 сағат), 2 апта (72 сағат). Осы кезеңде тыідаушы жеке оқу немесе ғылыми бағдарлама бойынша оқудан өте алады. Өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда біліктілікті арттыру мерзімі тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. 2023-2024 оқу жылының басталуы: 04.09.2023 бастап 30.09.2023, 2023.10.28 – 28.10.2023, 30.10.2023 – 25.11.2023, 27.11.2023 бастап 23.12.2023 дейін, 01.08.2024 бастап 02.03.2024, 02.05.2024 бастап 03.02.2024, 04.03.2024 бастап 04.05.2024 ж. /08.04.2024 - 05.04.2024, 05.06.2024 - 06.06.2024. Ұйымдастырылған оқу және біліктілікті арттыру мақсатында алдын ала өтінім беруіңізді сұраймыз. Оқуға түсу үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- келісім-шарт
- оқуға төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ КУРСТАР
Сіз білім беру маманы болғыңыз келе ме? Әлде сіз өз біліктілігіңізді арттырып, жаңа кәсіби маман болғыңыз келе ме? Онда біздің кәсіби-педагогикалық қайта даярлау курсы сізге арналған! Курста сізді не күтіп тұр:
- Заманауи оқыту әдістері.
- Тәжірибелі мұғалімдердің шеберлік сабақтары.
- Оқушыларды бағалау мен ынталандырудың инновациялық тәсілдері.
- Коммуникативті дағдыларды және сыныпты басқаруды дамыту.
Біздің курстың артықшылықтары:
- Оқытудың икемді кестесі: материалды оқуға ыңғайлы уақыт пен қарқынды таңдаңыз.
- Мұғалімдермен және сыныптастарымен сөйлесу мүмкіндігі бар ыңғайлы онлайн оқыту.
- Сіздің біліміңіз бен дағдыларыңызды растайтын кәсіби қайта даярлау туралы куәлік.
Бізбен бірге мансабыңызды қайта бастап білім әлемінің көшбасшысы болыңыз! Үздік ұстаз атағы мен білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер көкжиегін жіберіп алмаңыз! Дәл қазір қайта даярлау курсына жазылыңыз!
Оқуға түсу үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- келісім-шарт
- оқуға төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
#педагогикалық қайта даярлау #білім беру #курстар #біліктілікті арттыру
ТІЛДІК САБАҚТАР
БАжҚББИ тіл курстарын жүргізетінін хабарлаймыз:
- ағылшын,
- француз,
- неміс,
- қазақ,
- араб,
- түрік
- корей
- қытай
- орыс және басқа тілдер
Сабақтар топпен және жекелей өткізіледі.
Курстың мақсаты: тілді тез және тиімді меңгеру, мәдениетке баулу. Тілді оқыту коммуникативті-тұлғалық тәсіл негізінде сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің дағдыларын үйретуді қамтиды. Сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері: айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым – тілді оқытуда сабақтың құрылымын анықтайды. Лингво-әлеуметтік-мәдени әдістерді жетік меңгерген университеттің білікті оқытушылары жүргізеді. Ұйымдастырылған оқу және біліктілікті арттыру мақсатында алдын ала өтінім беруіңізді сұраймыз. Оқуға түсу үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- келісім-шарт
- оқуға төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ
«Күміс университет» моделі шеңберінде егде жастағы адамдарға арналған білім беру бағдарламаларын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының базасында келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• жасанды интеллектіні қалыптастыру.
• заманауи тенденцияларға сәйкес мобилографиялық білімді жетілдіру;
• қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;
• құқықтық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;
• денсаулық сақтау бағдарламалары;
• сергіту ойындары арқылы күміс дәуірдегі адамдардың ақыл-ойын дамыту;
• ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру.
Курстар белсенді және қызықты өмірді жоспарлайтын ересек жастағы барлық адамдар үшін пайдалы болады. Курстың мақсаты: егде жастағы адамдарды жаңа желіге бағытталған қоғамда және Smart кеңістікте кейінгі өмірде мағыналы және белсенді әлеуметтік контекстпен байланыстыру; егде жастағы адамдарды қазіргі өмірге тиімді бейімдеу мақсатында топтық және жеке деңгейде өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдай жасау;
«Күміс дәуір» өкілдеріне жиі жетіспейтін байланыс шеңбері мен ағынын сақтауға көмектесу; шығармашылық шыңдау арқылы өмірге деген оң көзқарасты сақтау; дене белсенділігін ынталандыру; құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру;
цифрлық қоғам жағдайына бейімделу үшін жағдай жасау.
Оқу тілі: қазақ/орыс.
Оқуға түсу үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- келісім-шарт
- оқуға төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУ
Бейресми білім — бұл орынды, мерзімді және оқу түрін белгілемей-ақ, оқу бітіргені туралы куәлік немесе сертификат берілетін білім беру түрі. Бейресми білім клубтардан, үйірмелерден, әр түрлі курстардан, тренингтерден, қысқа бағдарламалардан, шеберлік кластарынан немесе семинарлардан, бұқаралық ашық онлайн курстардан оқу болып табылады. Бейресми білімнің негізгі мақсаты адамның біліктілігін көтеру мен жаңа білім мен технологияларды игеруі үшін қажетті білім алуын жүзеге асыруына жағдай жасау. Адамның жасына (жас, ересек, егде жастағы, т.б.), қызмет саласына, т.б. қарамай кәсіби құзіреттіліктері мен өзін тұлғалық жетілдіруіне мүмкіндік беріледі. Ең басты басымдығы — ол оның қол жетімділігі.
Ұйымдастырылған оқу және біліктілікті арттыру мақсатында алдын ала өтінім беруіңізді сұраймыз. Оқуға түсу үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- келісім-шарт
- оқуға төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
БАСҚАРУ
Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндес. Қоғамның басқа салаларымен салыстырғанда білім беру жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістер бір сәттік, бір жылдық іс емес екені белгілі. Білім менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Мектепшіілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Басқарушылық ұғыммен қатар «жетекшілік» ұғымы да қолданысқа енген. Осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты білім беру ұйымдарының топ-менеджерлеріне арналған төмендегі біліктілікті арттыру курстарын ұсынады:
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледж басшыларының кәсіби дамуы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту сапасын заманауи педагогикалық менеджмент негізінде арттыру
Педагогикалық менеджмент
Білім берудегі стратегиялық менеджмент
Дағдарыс жағдайындағы
Команда құру және ұйымдастырушылық менеджмент
Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиялары
Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау
Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру
Оқу тілі: қазақ/орыс.
Оқуға түсу үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- келісім-шарт
- оқуға төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
Жаңалықтар жоқ