Farabi University

Технологияларды коммерцияландыру және шығармашылық индустриялар орталығы

Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустриялар орталығы ғылыми әзірлемелер мен инновациялық идеяларды коммерциялық ортаға тиімді енгізу мақсатында құрылған. Орталықтың негізгі міндеттері — идеяны жасаудан бастап дайын өнімді нарыққа шығаруға дейінгі инновациялық циклдің барлық кезеңінде кәсіпкерлер мен ғалымдарға қолдау көрсету.