Ом филиалы

І. «Халықаралық құқық» профилі
Оқу тілі: орыс, ағылшын
Бағдарламаның мақсаты – халықаралық құқық нормаларын, халықаралық заңнамасын, сондай-ақ кәсіби деңгейде шет тілін меңгерген жоғары білікті халықаралық құқық саласындағы заңгер мамандарды даярлау. Түлектер мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, соттар мен арбитраж мекемелерінде, сондай-ақ қазақстандық, шетелдік және халықаралық компанияларда кәсіби қызметін табысты жүзеге асырады.
Түлектердің құзыреттері:
➢ Ұлттық заңнаманың халықаралық құқық нормаларына сәйкестігін жан-жақты талдау және құқықтық баға беру.
➢ Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және сараптау.
➢ Халықаралық сауда және сыртқы экономикалық қызмет салаларында құқықтық нормаларды тиімді қолдану.
➢ Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда адам құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру.
➢ Құқықтық, халықаралық-құқықтық және сыртқы саяси сипаттағы құжаттарды кәсіби деңгейде дайындау.
➢ Шет тілін кәсіби түрде меңгеру.
➢ Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды құқықтық қызметте қолдану.
➢ Ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін академиялық және практикалық ортада ұсыну.
➢ Кәсіби қызметті тиімді ұйымдастыру және жеке құзіреттілікті ұлтжанды рухта дамыту, құқықтық сананы және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру
Бағдарламаның артықшылықтары:
➢ Халықаралық құқық пен дипломатиялық тәжірибеге баса назар аудара отырып, пәнаралық дайындық.
➢ Бірнеше тілде келіссөз жүргізу, құқықтық талдау жасау және құжаттарды әзірлеу дағдыларын дамыту.
➢ Магистратурада білім алуды жалғастыру және халықаралық мансап құру мүмкіндігі.
ІІ. «Кеден ісі» профилі
Оқу тілі: орыс, ағылшын
Бағдарламаның мақсаты – Кеден ісі аясында заңнамалық білімді, тәуекелдерді басқару дағдыларын және кедендік шекара арқылы тауарлардың қозғалысын ұйымдастыруды терең меңгерген мамандар даярлау. Түлектер мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының функцияларын орындап, сыртқы экономикалық қызмет және логистика саласында нәтижелі жұмыс істей алады.
Түлектердің құзыреттері:
➢ Мемлекеттік саясатты, философияны, әлеуметтік, құқықтық негіздерді және өмір қауіпсіздігінің негіздерін түсіну;
➢ Кәсіби салада қазақ, орыс және шет тілін еркін меңгеру.
➢ Заманауи ақпараттық технологияларды және электрондық сот төрелігі жүйесін қолдану.
➢ Кеден органдарының жұмысын ұйымдастыру мен механизмдерін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды терең білу.
➢ Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы (СЭҚ) ұлттық және халықаралық құқықтық нормаларды бағалау және қолдану.
➢ Кедендік тарифтік реттеуді, кедендік құн мен төлемдерді есептеуді білу.
➢ Кедендік статистиканы жүргізу, тауарларды жіктеу, сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасымен жұмыс жасау.
➢ Техникалық құралдарды пайдалана отырып, шекарада кедендік сараптама және бақылау жүргізу.
➢ Көліктік-логистикалық процестерді және халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру.
➢ Кеден саласында әкімшілік істі және жедел іздестіру жұмысын жүргізу.
➢ ЕАЭО және ДСҰ аясында кедендік және сауда саясатын сараптау.
➢ Сыртқы экономикалық қызмет пен инновациялық кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін білу.
Түлектердің мансабы:
➢ Кеден инспекторы
➢ Кедендік брокер
➢ Кеден сарапшысы
Бағдарламаның артықшылықтары:
➢ Мемлекеттік және жеке сектордағы мансап бағытына таңдау ауқымының кеңдігі.
➢ Оқытудың күшті практикалық бағыты.
➢ Халықаралық логистика, сыртқы экономикалық қызмет және кеден органдарында жұмыс істеу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасы: «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті»
Деңгейі: Бакалавр
Білім беру аясы: 6В01 Педагогикалық ғылым
Дайындау бағыты: 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау.
Бағдарлама тобы: 6В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқыту көлемі: 240 кредит
Оқу тілі: орыс, ағылшын
Бағдарлама мақсаты – жалпы орта және орта кәсіби білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагогтар дайындау. Бағдарлама ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру технологиялары негізінде жас буынды тәрбиелеуге, дамытуға, оқытуға қабілетті, жоғары білікті маман қалыптастырады.
Түлектер құзыреттілігі:
- Әлеуметтік-педагогикалық және ғылыми пәндердің білімін кәсіби қызметінде қолдану;
- Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру;
- Әртүрлі мәтін тақырыптар мен тілдік құбылыстарды талдай білу;
- Көшбасшылық қасиеттерін таныту мен кәсіби өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;
- Білім алушыларды дамыту үшін дидактикалық материалдар жасау және іс-шаралар ұйымдастыру;
- Оқыту барысында ақпараттық технологияларды, смарт-технологияны, инновациялық жүйелерді пайдалану;
- Білім алушылардың ұлтжандылық, гуманистік және азаматтық дүниетанымын қалыптастыру;
- Оқу үдерісіне жаңартылған стандарт бойынша оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу;
- Тіл білімі және әдебиеттану аясындағы жаңа ұғымдарды сыни бағалау;
- Жоғары кәсібилік құзыреттілігін, қазіргі еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыруға дайындығын көрсету;
Түлектер мансабы:
- Мектеп, лицей, колледждерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- Білім беру мекемелерінде әдіскер;
- Оқу құралдары мен дидактикалық материалдардың авторы және әзірлеуші;
- Білім беру бағдарламасын дайындау саласының маманы;
- Филологиялық білім беру және тілдік саясат бойынша кеңесші;
- Білім алушының оқу жетістігін бағалаудың сарапшысы.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Жан-жақты педагогикалық және филологиялық кешенді дайындық;
- Инновациялық білім беру технологияларына тоқталу (мән беру);
- Көшбасшылық пен коммуникативті дағдыларды дамыту;
Тіл мен әдебиетті оқыту арқылы азаматтық жауапкершілікті дамытуға жұмылдыру.