Конфуций институты «Үздік тест орталығы» атағын алдыFarabi University

Конфуций институты «Үздік тест орталығы» атағын алды

18 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Конфуций институты ҚХР Білім министрлігінің (HSK) қытай тілі бойынша халықаралық тестілеу орталығы қызметін атқарып келеді. Бейжіңде өткен Дүниежүзілік қытай тілі форумында институт үшінші рет қатарынан «Үздік тестілеу орталығы» атағына ие болды.

Бұл марапат университеттің халықаралық қытай тілі біліміндегі жоғары сапасын, академиялық адам капиталын дамытудағы тұрақты еңбегін және жаһандық серіктестік байланыстарын кеңейтуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.

Биылғы форумға әлемнің 160-тан астам елі мен өңірлерден 2000-нан астам өкіл қатысып, HSK жүйесінің дамуы, қытай тілін оқыту бастамалары, жасанды интеллект негізіндегі тілдік оқыту, қытайтану саласындағы жаңа бағыттар және дарынды мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының «Үздік тест орталығы» атағын қатарынан үшінші рет алуы – университеттің көпжылдық жүйелі еңбегінің нәтижесі. Бұл жетістік қазақстандық студенттер мен қытай тілін меңгергісі келетін барлық азаматтарға жоғары сапалы халықаралық деңгейде мойындалған білім алуға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі