ТДМ №11: «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты апталық челленджі өттіFarabi University

ТДМ №11: «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты апталық челленджі өтті

14 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер арасында дәстүрлі мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты апталық челлендж өткізілді. Шараның мақсаты – ұлттық киімнің көркемдік, мәдени және тарихи мәнін көрсету, жастардың патриоттық сезімін ояту болды.

Іс-шара барысында студенттер ұлттық киім киіп, дәстүрлі мәдениетті заманауи стильде көрсету мүмкіндігіне ие болды. Студенттер өздерінің жеке стильдерін, шығармашылық қабілеттерін және ұлттық ерекшеліктерді біріктіріп, керемет фотосуреттер мен видеороликтер дайындады. Сонымен қатар, әр киімнің шығу тарихы мен ерекшеліктері таныстырылып, дәстүрлі өнер мен қолөнердің маңызы түсіндірілді. Бұл жастарға ұлттық мұраны бағалауға, тарихқа құрметпен қарауға және оны сақтауға ынталандырды.

Челлендж әлеуметтік желілерде де қолдау тауып, кең аудиторияның назарын аударды. Бұл бастама университет ішінде ғана емес, жалпы қоғамда да ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге ықпал етті.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында ұлттық дәстүрді құрметтеуге және шығармашылық белсенділікті дамытуға зор үлес қосады.

«Ұлттық киім – ұлт айнасы» челленджі жастардың патриоттық сезімін оятып, университет өмірінде ұлттық құндылықтарды, дәстүрді  дәріптеудің жарқын үлгісі болды.