Ғылыми бағыттарға басымдық беріледі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде КазҰУ мен Фудань университетінің Ұлттық технопаркі өкілдерінің қатысуымен «Бірлескен инновациялық жобалар және технологияларды коммерцияландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Тараптар ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен зерттеулерді дамыту және инновациялық бастамаларды қолдау жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Бағдарлама аясында Ақпараттық технологиялар факультетінің білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу нәтижелерін ұсынды. Кафедра меңгерушілері факультеттің инновациялық жобаларын, ғылыми жетістіктерін және зерттеу бағыттарын таныстырды.

Өз кезегінде Фудан университетінің тағылымдама бағдарламалары мен ғылыми мектептерінің де таныстырылымы өтті. Университет өкілдері ҚазҰУ студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, зерттеу тағылымдамалары және бірлескен ғылыми жобалар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар