ТДМ №4: «JARYQ JOL» есеп беру кеші өттіFarabi University

ТДМ №4: «JARYQ JOL» есеп беру кеші өтті

13 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде ерекше мәнге ие «JARYQ JOL» атты «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының есеп беру кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында кәсіподақтың атқарған жұмыстары мен жүзеге асырылған жобалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Іс-шараға факультет студенттері және шақырылған қонақтар қатысып, жылы лебіздері мен жақсы тілектерін білдірді.

«JARYQ JOL» есеп беру кеші студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын айқындап, ұжымдық рухты нығайтуға үлес қосқан мазмұнды мерекелік жиын ретінде есте қалды. Шара барысында факультет ұжымы мен студенттердің өзара байланысы нығайып, студенттік бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды мәдени-көпшілік іс-шара болып өтті.