Бизнес-мектептің салтанатты бітіру рәсімі
15 қараша күні Фараби университетінде EMBA және DBA бағдарламаларының Бизнес-мектеп түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам, бизнес қауымдастығының өкілдері және түлектердің отбасылары қатысты.
Рәсімнің ашылуына АРТ-орталығының студенттері ерекше сән берді: студенттік ансамбль «Фараби сазы» музыкалық нөмірлер орындап, ал ұлттық киім киген қыздар қонақтарды дәстүрлі тағамдармен қарсы алып, қазақ мәдениетінің жылылығын танытты.
Шара барысында түлектерге халықаралық үлгідегі дипломдар табысталды. Университет өкілдері EMBA және DBA бағдарламаларының заманауи бизнес талаптарына жауап бере алатын жаңа буын көшбасшыларын даярлаудағы маңызын атап өтті.
Іс-шара жалпы естелік суретке түсу және түлектердің болашақ кәсіби жоспарларымен бөлісуімен аяқталды.



Басқа жаңалықтар