12.11.2025ж. Студенттерге арналған «Керемет» орталығында Құқықтық тәртіп сақтау жасағы ұйымының кезекті апталық жиналысы болып өтті. Жиналысқа Ауғанстан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагері, ішкі істер саласында 1984 ж мен 2011 жж аралығында қызмет атқарған, отставкадағы полиция полковнигі Кенесериев Амангелді Қадыржанұлы қатысты. Соңғы үш жылда Бостандық ауданы полиция басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Амангелді Қадыржанұлы студенттерге патриотизм, отанды қорғау, құқық сақтау тақырыбында дәріс берді. Студенттер өздері мазалаған сұрақтарға жауап алды. Жиналыс соңында студенттер ардагермен естелік суретке түсті.



Басқа жаңалықтар
12 қараша, 2025
11 қараша, 2025
10 қараша, 2025