Ректор қалашықтағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын пысықтады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қалашықта жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда университеттің ғылыми орталықтары мен оқу корпустарының маңындағы жиектастар мен асфальт төсеніштері жаңартылуда. Сондай-ақ аумақты абаттандыру, студенттер мен оқытушылар үшін ыңғайлы орта құру бағытындағы жобалар белсенді іске асырылуда. Оқу ордасының басшысына аталған жұмыстардың нәтижелері мен жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылу жоспары көрсетілді.
Сонымен қатар Жансейіт Түймебаевқа университет базасында жаңадан салынатын гараждың эскизі көрсетілді. Болашақта гараж университет көліктеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған заманауи нысан ретінде қызмет етеді. Ректор құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді және нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.


Бұған қосышма Жансейіт Қансейітұлы Farabi Hub орталығында, Цифрлық технологиялар және робототехника халықаралық институтында, Робототехника және мехатроника бойынша компетенция орталығында болып, кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жүргізілген соңғы өзгерістердің нәтижелерімен танысты.












Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі