- Басты бет
- Ғылым
- Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Экономикалық саясат және әлеуметтік әл-ауқат: кедейлікті азайту жолдары»
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Экономикалық саясат және әлеуметтік әл-ауқат: кедейлікті азайту жолдары»
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Экономика және бизнес жоғары мектебінде (ЭжБЖМ) «Кедейлікті азайтуда білім мен ғылымның рөлі» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаттар (ТДМ) аясындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция шеңберінде ЭжБЖМ-нің алаңында «Экономикалық саясат және әлеуметтік әл-ауқат: кедейлікті төмендету жолдары» атты секциялық отырыс ұйымдастырылды.
Секцияға жетекші зерттеушілер, оқытушылар, докторанттар мен әлеуметтік-экономикалық сала мамандары қатысты. Қатысушылар кедейлікті азайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарын, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ білім беру сапасының халықтың экономикалық қауіптерді еңсеру қабілетіне әсерін талқылады.
Отырыста қазақстандық ғалымдардың зерттеу нәтижелері ұсынылды, халықтың әл-ауқатын арттырудың ғылыми негізделген құралдары қарастырылды. Сонымен қатар кедейлікті төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.
Секция қорытындысы бойынша ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, кедейлікті бағалаудың аналитикалық құралдарын дамыту және ғылыми ұсынымдарды мемлекеттік саясатқа енгізудің маңыздылығы атап өтілді.
Басқа жаңалықтар