- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №4: Философия және саясаттану факультетінде «Декан кубогы–2025» мини-футбол турнирі өтті
ТДМ №4: Философия және саясаттану факультетінде «Декан кубогы–2025» мини-футбол турнирі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Декан кубогы» мини-футбол турнирі жоғары деңгейде өткізілді. Шара факультет студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың спорттық белсенділігін арттыру мақсатын көздеді.
Турнирге 5 команда қатысып, жоғары дайындық пен командалық үйлесімділіктің үлгісін көрсетті. Әр команда жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін ұсынды. Қатысушылар ойынды әділ бәсекелестік рухында өткізіп, спорттық мәдениеттің жоғары деңгейін танытты.
Жарыс нәтижесі бойынша келесі командалар үздік деп танылды:
-
І орын – «Стиль таза Қызылорда» командасы
-
ІІ орын – «Гетто» командасы
-
ІІІ орын – «Қызыл сойқандар» командасы
Жеңімпаз команда келесі кезеңге жолдама алып, факультет намысын қорғауды жалғастыратын болады.
Іс-шара барысында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар табысталды. «Декан кубогы» турнирі – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спорттық және командалық дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Алдағы уақытта да мұндай спорттық шаралар факультеттің студенттік өмірін жандандырып, жас буынның денсаулығы мен белсенділігін арттыруға үлес қоса береді.


Басқа жаңалықтар