2025 жылғы 4 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі “Үздік онлайн-курс – 2025” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау жыл сайын университеттегі онлайн білім беру сапасын арттыру және оқытушылардың қашықтан оқыту саласындағы тәжірибесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылады.
Байқауға университеттің dl.kaznu.kz және open.kaznu.kz платформаларына жүктелген онлайн-курстардың авторлары қатысты. Конкурс қатысушылары оқу материалдарын заманауи форматта ұсынып, бейнемазмұнмен толықтырып, студенттердің өз бетімен білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға күш салды.
Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар табысталды. Университет басшылығы оқытушылардың цифрлық білім беруге қосқан үлесін жоғары бағалап, онлайн-курстарды одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
* Ең танымал онлайн-курс
* Ең көп сұранысқа ие онлайн-курс
* Сырттай оқитын студенттерге арналған үздік онлайн-курс
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
| № | Авторлары | Курстың атауы | Факультет, кафедра | Номинациялар |
|---|---|---|---|---|
| 1 |
Исмаилова А.Г., Бадавамова Г.К., Кудреева Л.К. |
Аналитикалық химияның сапалық талдау бөлімі бойынша зертханалық жұмыстар курсы | Химия және химиялық технологиялар | Сырттай оқитын студенттерге арналған үздік онлайн-курс |
| 2 |
Кенесова З.А. Рахметуллаева Р.К., Токтабаева А.К., Уркимбаева П.И. |
Медико-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы | Химия және химиялық технологиялар | Ең танымал онлайн-курс |
| 3 | Джанузакова А.А., Мулдагалиева А.А. |
Academic Writing: The Structure of a Research Paper | Филология | Ең көп сұранысқа ие онлайн-курс |
Басқа жаңалықтар