ТДМ №3, 4, 17: Фараби студенттік Ассамблеясы UNESCO және Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бірлескен іс-шарасына қатыстыFarabi University

ТДМ №3, 4, 17: Фараби студенттік Ассамблеясы UNESCO және Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бірлескен іс-шарасына қатысты

4 желтоқсан, 2025

Фараби студенттік Ассамблеясының мүшелері UN Plaza алаңында өткен ЮНЕСКО және Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұйымдастырған бірлескен іс-шараға қатысты. Шараның негізгі мақсаты – олимпиадалық құндылықтарды дәріптеу, спорттағы тұрақты дамуды талқылау және жастар арасында белсенді өмір салтын насихаттау болды.

Іс-шара аясында олимпиада чемпиондарымен ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды. Спорт саңлақтары қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби жолындағы маңызды кезеңдер туралы айтып, мотивациялық кеңестер берді. Студенттер чемпиондарға сұрақтар қойып, спорт пен білімнің өзара байланысы, табандылық пен жауапкершіліктің маңызы жөнінде пікір алмасты.

Бұл кездесу жастардың спорттық мәдениетін қалыптастыруға, денсаулықты нығайтудың маңызын түсіндіруге және тұрақты даму қағидаттарын қолдауға бағытталған мазмұнды алаң ретінде жоғары бағаланды.