ҚазҰУ заң клиникасы тәжірибе алмасу конференциясына қатыстыFarabi University

ҚазҰУ заң клиникасы тәжірибе алмасу конференциясына қатысты

8 желтоқсан, 2025

     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасының өкілдері 8 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған «Заң клиникасы мен Заңгер клубы ұйымдарының арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

    Іс-шара барысында қатысушылар жоғары оқу орындары арасындағы құқықтық білім беру, заң клиникаларының қызметін дамыту, студенттердің практикалық дағдыларын арттыру мәселелері, заң клиникаларының қазіргі қоғамдағы рөлі, құқықтық көмек көрсетуді жетілдіру жолдары талқыланды.

     Конференция құқық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталды.