ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры Биан Дыжының Әл-Фараби музейіне сапарыFarabi University

ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры Биан Дыжының Әл-Фараби музейіне сапары

11 желтоқсан, 2025

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Музейінде құрметті қонақ — ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры, CNPC компаниясының Орта Азия және Ресей бойынша Президенті Биан Дыжы болды.

 

Экскурсия барысында қонақ Әл-Фарабидің ғылыми мұрасымен, «Алтын адам» экспозициясымен, сондай-ақ зерттеу университеті ҚазҰУ-дың тарихы мен жетістіктерімен танысты.Кездесу барысында университеттің заманауи ғылыми әзірлемелері, халықаралық жобалары, инновациялық зертханалары және әлем мен Қазақстанға білікті мамандар даярлаудағы жоғары рөлі атап өтілді.