Жоғары студенттер кеңесінің жарты жылдық есеп беру жиналысы
9 желтоқсан, 2025
2025 жылғы 09 желтоқсанда Студенттік қалашық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жоғары студенттер кеңесі мүшелерінің жарты жылдық есеп беру жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2025 жыл ішінде атқарылған жұмыстары қорытындылап, жүзеге асырылған іс-шаралар мен жобалар бойынша есеп берілді.
Кездесу барысында студенттердің жағдайын жақсарту, тәрбие және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ студенттік бастамаларды қолдау бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған жоспарлар ұсынылып, қатысушылар тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша Жоғары студенттер кеңесінің алдағы жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар айқындалды.



Басқа жаңалықтар
9 желтоқсан, 2025
20 қараша, 2025
12 қараша, 2025