Студенттік қалашық қызметкерлері және психолог мамандарымен бірлесіп студенттер үйінде «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ жастар арасында дұрыс мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында мамандар қыз балалардың қоғамдағы орны, өзін-өзі қорғау, психологиялық тұрақтылық, жеке қауіпсіздік және жауапты шешім қабылдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттермен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Жиналыс соңында қатысушыларға пайдалы кеңестер ұсынылып, мұндай тәрбиелік іс-шаралардың студент жастар үшін маңыздылығы атап өтілді.



Басқа жаңалықтар