Ректор генерал-майор Ержан Исақұловпен кездестіFarabi University

Ректор генерал-майор Ержан Исақұловпен кездесті

15 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-майор Ержан Исақұловпен кездесті.

Әңгімелесуде тараптар білім беру мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерді, жоғары оқу орындарының қоғамдағы рөлін, сондай-ақ жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңызын талқылады.

Жансейіт Қансейітұлы университеттің стратегиялық даму бағыты мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Өз кезегінде Ержан Бекбауұлы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту және азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытындағы тәжірибесімен бөлісіп, білімді әрі білікті мамандар даярлауда университеттің орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен патриоттық сана қалыптастыруда оқу ордасының ықпалы зор екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар білім алушы жастарға арналған танымдық кездесулер мен дәрістер ұйымдастыру бойынша пікір алмасты. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі