Академиялық алмасу мүмкіндіктері артадыFarabi University

Академиялық алмасу мүмкіндіктері артады

22 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов Қытай Халық Республикасының Аньхой провинциялық халықаралық білім беру қауымдастығы делегациясымен кездесті. Делегацияны Хуайбэй педагогикалық университетінің вице-президенті Чжоу Гуанхуэй бастап келді.

Кездесуде бірінші проректор ҚазҰУ-дың ірі ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы ретіндегі мәртебесіне тоқталып, академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейтуге, оқытушылар мен студенттерді бірлескен білім беру бастамаларына тартуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар, робототехника, экология және орнықты даму салаларындағы қолданбалы жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.

Еркін Ерманұлы басым бағыттар ретінде қытайлық серіктестермен бірлескен зертханаларды дамыту, академиялық бағдарламаларды іске қосу және ғылыми-зерттеу платформаларын үйлестіруді атады. 

Өз кезегінде Хуайбэй педагогикалық университетінің вице-президенті Чжоу Гуанхуэй жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, Аньхой қауымдастығының ҚазҰУ-мен білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайту ниетін жеткізді. Құрметті қонақ оқытушылар мен студенттер алмасуын жандандыруға, бірлескен оқу курстары мен жобаларды дамытуға, сондай-ақ кадр даярлау мен зерттеу бастамалары бойынша тәжірибе алмасу алаңдарын құруға қызығушылығын жеткізді. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі