- Басты бет
- Ғылым
- ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенті ОИЯИ-дың халықаралық бағдарламасына өтті
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенті ОИЯИ-дың халықаралық бағдарламасына өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің студенті Гульниса Тарвердиева конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Біріккен ядролық зерттеулер институты (ОИЯИ, Дубна қ.) базасында жүзеге асырылатын халықаралық білім беру бағдарламасының қатысушысы атанды.
Гульниса аталған бағдарламаға іріктеуден өткен Қазақстан Республикасынан жалғыз өкіл болып табылады. Бұл жетістік студенттің жеке академиялық табысы ғана емес, сонымен қатар ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің де маңызды жетістігі болып саналады.
Бағдарлама заманауи физика, ядролық және іргелес технологиялар саласында студенттер мен жас зерттеушілерді тереңдетіп даярлауға, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Бағдарламаға қатысу жетекші ғалымдардың басшылығымен халықаралық зерттеу ортасында білім алуды және ғылыми қызметке қатысуды қамтиды.
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті студенттердің халықаралық ғылыми-білім беру бастамаларына қатысуын жүйелі түрде қолдап, олардың кәсіби дамуы мен жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына жағдай жасап келеді.
Аталған жетістік факультетте білім алушыларды даярлаудың жоғары деңгейін және оның халықаралық білім беру мен ғылыми бағдарламаларға белсенді қатысуын айқындайды.
Басқа жаңалықтар