ҚазҰУ оқытушылары республикалық байқауда рекордтық нәтиже көрсетті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 38 оқытушысы «2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мәртебелі атағына ие болды. Бұл – республикалық байқау тарихындағы ең жоғары нәтижелердің бірі.
Биыл ҚазҰУ атынан конкурсқа 39 үміткер ұсынылып, олардың 38-і жеңіске жетті. Осылайша университеттің өту көрсеткіші 97 пайызды құрап, конкурс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Республика бойынша үздік атанған 150 оқытушының төрттен бірі (25 пайыз) – ҚазҰУ өкілдері.
Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін әр жоғары оқу орнына квота бөлінеді. Ол университеттің штаттық оқытушылар санына қарай есептеліп, 50 штаттық бірлікке – 1 үміткер қағидаты негізінде белгіленеді. Биыл ҚазҰУ-ға 39 квота берілген. Университет ішіндегі іріктеуге шамамен 100 оқытушы қатысып, соның ішінен ең жоғары нәтиже көрсеткен 39 үміткер таңдалды. ҚазҰУ бойынша ең төменгі өту балы – 85 балды құрады. Бұл көрсеткіш республикалық шекті балмен толық сәйкес келеді.
Жалпы, 2025 жылғы байқауға еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысып, нәтижесінде 37 университеттің 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу, оқу-әдістемелік материалдар, отандық және халықаралық ғылыми жарияланымдар, патенттер мен ғылыми-зерттеу нәтижелері жан-жақты бағаланды. Сонымен қатар оқытушылардың білім беру сапасына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадр даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Аталған атақ иегерлеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейтуге, кәсіби біліктілігін арттыруға және әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі. Бұл жетістік ҚазҰУ-дың білім мен ғылымдағы көшбасшы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік атанған оқытушылары:
1. Ағыбаева Лаура Ерлановна – химия және химиялық технология факультеті
2. Агишев Алдияр Талғатович – физика-техникалық факультеті
3. Әлімғазинова Назгүл Шакаримовна – физика-техникалық факультеті
4. Әмірханова Гүлшат Аманжоловна – ақпараттық технологиялар факультеті
5. Ахтанов Саят Нүсіпбекович – физика-техникалық факультеті
6. Байжұма Жандос Ескендірұлы – физика-техникалық факультеті
7. Бахадур Асқар Мұхтарұлы – химия және химиялық технология факультеті
8. Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы – механика-математика факультеті
9. Болатхан Кенжегүл – биология және биотехнология факультеті
10.Жолдасбекова Баян Өмірбековна – филология факультеті
11.Жұмағұлова Қарлығаш Нұрмановна – физика-техникалық факультеті
12.Жолдыбаева Ажар Қуанышбековна – философия және саясаттану факультеті
13.Игнатова Людмила Викторовна – биология және биотехнология факультеті
14.Исмаилова Ақмарал Ғазизовна – химия және химиялық технология факультеті
15.Құрманбаева Меруерт Сәкеновна – биология және биотехнология факультеті
16.Құттыбай Нұржігіт Бақытұлы – физика-техникалық факультеті
17.Мархабаева Айымкүл Әлихановна – физика-техникалық факультеті
18.Мұсағалиева Айжан Ниазбековна – география және табиғатты пайдалану факультеті
19.Мусина Айнұр Каировна – география және табиғатты пайдалану факультеті
20.Нармұратова Мейрамкүл Худретовна – биология және биотехнология факультеті
21.Нұрмаханова Ақмарал Садықовна – биология және биотехнология факультеті
22.Өмірбекова Әнел Адилевна – биология және биотехнология факультеті
23.Сабденова Гүлмира Есбатыровна – тарих факультеті
24.Сәрсембаева Талшын Сағдатбекқызы – ақпараттық технологиялар факультеті
25.Сейтимова Гүлназ Әбсаттаровна – химия және химиялық технология факультеті
26.Смекенов Изат Темірғалиевич – биология және биотехнология факультеті
27.Супиева Жазира Асылбековна – химия және химиялық технология факультеті
28.Таукебаев Өміржан Жалғасбекович – география және табиғатты пайдалану факультеті
29.Тлеулесова Әйгерім Мекемтасовна – механика-математика факультеті
30.Тоқбергенова Айгүл Абдіғаппаровна – география және табиғатты пайдалану факультеті
31.Тоқтабаева Әсел Қырғызбаевна – химия және химиялық технология факультеті
32.Төлеуханов Сұлтан Төлеуханович – биология және биотехнология факультеті
33.Төреханова Күндіз Моминовна – физика-техникалық факультеті
34.Тыныбеков Бекзат Мақұлбаевич – биология және биотехнология факультеті
35.Түсіпова Бақыт Баймұратовна – химия және химиялық технология факультеті
36.Уәлиева Перизат Серікқазыевна – биология және биотехнология факультеті
37.Үркімбаева Перизат Ибрагимовна – химия және химиялық технология факультеті
38.Черикбаева Ляйля Шариповна – ақпараттық технологиялар факультеті
Жеңімпаздарды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми және шығармашылық қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар