ТДМ–4: Халықаралық студенттерге арналған онлайн конференция
Филология және журналистика факультетінің шетелдік студенттері үшін Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі психологиялық бейімделу мен қолдау мәселелерін талқылауға арналған онлайн-кездесу өтті.
Конференция университеттің психологиялық қызметі мамандарының қатысуымен ұйымдастырылып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Бұл әртүрлі елдерден келген студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Негізгі баяндаманы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ассистент-профессоры Сандуғаш Құдайбергенова жасады.
Баяндама барысында шетелдік білім алушылардың психологиялық бейімделуінің негізгі аспектілері, мәдениетаралық қарым-қатынастағы қиындықтар, тілдік кедергілер мен оқу жүктемесінің студенттердің психоэмоционалдық жағдайына әсері, сондай-ақ оқу үдерісіндегі уақтылы психологиялық қолдаудың маңызы жан-жақты талданды.
Іс-шара ашық диалогқа, тәжірибе алмасуға және шетелдік студенттердің университетте көрсетілетін психологиялық көмек мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға арналған алаңға айналып, инклюзивті әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.


Басқа жаңалықтар