Үрімші қаласы адвокаттар қауымдастығы делегациясының ҚазҰУ музейіне келуіFarabi University

Үрімші қаласы адвокаттар қауымдастығы делегациясының ҚазҰУ музейіне келуі

9 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Үрімші қаласы адвокаттар қауымдастығының делегациясы Қауымдастық төрағасы, «Юэйцзин Инкэ» заң компаниясының директоры Цзинь Сяомэн мырзаның жетекшілігімен келді.

Сапар барысында делегация мүшелері музей экспозицияларымен танысып, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы, ҚазҰУ-дың қалыптасу тарихы және білім беру мен ғылым саласындағы бүгінгі жетістіктері туралы мәлімет алды.

Қауымдастық өкілдері университеттің болашақтағы реконструкциялау жоспарларына ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында жаңа ғимараттардың жобалары, кампустың сәулеттік дамуы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.Бұл сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіби және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.