Ректор декандардың алдына нақты міндеттер қойдыFarabi University

Ректор декандардың алдына нақты міндеттер қойды

15 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев оқу ордасының құрылғанына 92 жыл толуына орай, факультет декандарымен жұмыс кездесуін өткізді.

Жоғары оқу орнының ағымдағы қызметі мен алдағы даму бағыттары жан-жақты талқыланды.

Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ ұжымын көшбасшы ЖОО-ның құрылғанына 92 жыл толуымен құттықтады. Жүздесу барысында оқу ордасының басшысы жоғары білім беру сапасын арттыру, оқу үдерісін жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ факультеттердің стратегиялық жоспарлары, білім беру бағдарламаларын жаңғырту, кадрлық әлеуетті нығайту және студенттермен жұмыс жүргізу қажет екенін жеткізді.

Жансейіт Түймебаев университет ұжымының алдына қойылған негізгі міндеттерге тоқталып, әр факультеттің білім мен ғылымды ұштастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Ректор декандарды бастамашылдық танытуға, инновациялық жобаларды іске асыруға және халықаралық рейтингтердегі университет позициясын нығайтуға үлес қосуға шақырды.

Өз кезегінде факультет декандары оқу үдерісінде кездесіп отырған өзекті мәселелер мен жетістіктер жөнінде баяндап, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.     

  

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі