ҚазҰУ Ректоры I таланттар саммитіне қатыстыFarabi University
Референдум 15 марта

ҚазҰУ Ректоры I таланттар саммитіне қатысты

17 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев I таланттар саммитіне қатысты.

 

Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы және «Талант және жетістік» қорының жетекшісі Елена Шмелева, ғылыми және педагогикалық қауымдастық өкілдері жиналды.

«Сириус» мектебінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бағытындағы пәнаралық курстар жүзеге асырылады.

«Бүгін ғимараттың алғашқы кірпіші қаланды. Бұл жай ғана символдық қадам емес, бұл мектептің қалай құрылатынын айқындайтын практикалық жұмыстың басталуы. Ол білім беру бағдарламаларын қалыптастырудан бастап, оқу процесін ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жоба жаратылыстану ғылымдары мен заманауи технологиялар саласына  кіріктірілген бағыттарға негізделіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады», – деп атап өтті Аида Балаева.

Қазақстандық оқушылар «Сириус» орталығының бағдарламаларына қазірдің өзінде қатысуда. 2024-25 жылдар аралығында балалар «Үлкен перспективалар» ғылыми-технологиялық байқауының жобалық командаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасында алты медаль жеңіп алған болатын.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі