- Басты бет
- Инклюзивті орта
- ТДМ-4: «Студенттердің оқу ынтасын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті
ТДМ-4: «Студенттердің оқу ынтасын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-тәжірибелік орталығы ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында № 4-ші жатақханада тұратын студенттерге арналған «Студенттердің оқу ынтасын дамыту» атты семинар-тренинг өткізді.
Білімді, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру – бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты. Осы орайда студенттердің оқу ынтасын арттыруға бағытталған іс-шара барысында мотивацияның маңызы, оқу үдерісіндегі белсенді әдістер және өзін-өзі дамытуға жетелейтін тәсілдер талқыланды.
Семинар-тренинг студенттердің білімге деген қызығушылығын оятып, олардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етті.
Кездесу көптеген пайдалы және қызықты эмоциялармен толығып, студенттерге ішкі ресурстарын және тұлғалық өсу мүмкіндіктерін жақсы түсінуге көмектесті. Мұндай тренинг студенттердің психологиялық жағдайын жақсартудың ғана емес, сондай-ақ олардың жеке және кәсіби дамуындағы тиімді құрал болып, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды қадам болды.




Басқа жаңалықтар