Журналистика факультетінің Қысқы мектебі аясында шетелдік студенттердің ҚазҰУ музейіне келуіFarabi University
Референдум 15 марта

Журналистика факультетінің Қысқы мектебі аясында шетелдік студенттердің ҚазҰУ музейіне келуі

23 қаңтар, 2026

«Тұрақты даму мақсатындағы медиа білім беру: жаһандық және инновациялық процестер» атты қысқы мектеп аясында шетелдік студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейге  келді

Экскурсия барысында қатысушылар университеттің тарихымен, ғылыми және мәдени мұрасымен, сондай-ақ білім мен ғылым саласындағы жетістіктерімен танысты. ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастықтағы рөлі мен білім беру саласына қосқан үлесі ерекше қызығушылық тудырды.

Қонақтар академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламаларына, оқу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ жаңа медиазертханаларға, цифрлық технологияларға және инновациялық инфрақұрылымға үлкен қызығушылық білдірді.