Конституциялық реформаға байланысты ұсыныстар талқыланды
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған түзетулер жан-жақты қаралды. Бұл түзетулер қоғам өкілдерінен, саяси партиялардан және сарапшылар қауымдастығынан келіп түскен көптеген ұсыныстардың барлығы ескеріле отырып қалыптастырылды.
ҚР Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Азимова комиссияға 2000-нан астам ұсыныс келіп түскенін, олардың барлығы біртұтас Жинақталған кестеге біріктірілгенін айтты.

«Азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық реформаның жоғары қоғамдық маңызын растайды. Мұндай диалог форматы негізгі қағидатты айқындайды: конституциялық реформа ең алдымен халықтың мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүргізіледі», – деді Эльвира Азимова.

Айта кетейік, Конституциялық комиссияның отырысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қатысуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар