Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен өткен әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша жиналыс.Farabi University

Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен өткен әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша жиналыс.

26 қаңтар, 2026

2026 жылғы 26 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Керемет студенттерге қызмет көрсету орталығында Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен факультеттердің декандарының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен жиналыс өтті.

Жиын барысында студенттер арасында әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, жатақханалардағы тәрбие және тәртіп мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мен тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.