Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің делегациясы ҚазҰУ музейіне келді
Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің Самарқанд филиалының делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Жоғары экономика және бизнес мектебінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Ильяс Кулиевтің сүйемелдеуімен келді.
Сапар барысында делегация ҚазҰУ-дың дамуындағы маңызды кезеңдермен, бірегей архивтік материалдармен және университеттің білікті мамандар даярлаудағы үлесін көрсететін құнды экспонаттармен танысты. Қонақтарға көрнекті ғалымдар мен түлектердің жетістіктері, сондай-ақ ҚазҰУ-дың халықаралық академиялық кеңістіктегі орны ерекше әсер қалдырды.
Бұл сапар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
