Ғылыми жарияланымдар сапасы артады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу ордасының халықаралық ғылыми кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шаралар биология және биотехнология, механика-математика факультеттерінде өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысында Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек университет пен факультеттердің халықаралық рейтингтердегі ғылыми көрсеткіштерін саралап, ғылыми қызметті дамыту жолдарын ұсынды.
Өз сөзінде департамент директоры ғылыми мақалалар санын көбейту, шетелдік ғалымдармен бірлескен зерттеулер жүргізу және ғылыми кадрлардың әлеуетін нығайту бойынша жұмыс жүргізу қажет екенін айтты.


Сондай-ақ кездесуде жас ғалымдарды қолдау, докторанттар мен магистранттардың ғылыми жобаларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету және олардың жұмыс сапасын арттыру мәселелері қаралды. Оқытушылар өзекті ғылыми проблемаларды талқылап, жобаларды іске асыру және жарияланым дайындау процесіне қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Алдағы кезеңге жоспарланған ғылыми бастамалар да қатысушыларға таныстырылды.





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар