Ғылыми әлеуетті арттыру жолдары қаралдыFarabi University

Ғылыми әлеуетті арттыру жолдары қаралды

3 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек филология факультетінің оқытушы-ғалымдарымен кездесу өткізді. 

Шарада ғылым мен инновацияны дамытудың негізгі бағыттары, ғылыми жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері, халықаралық және ұлттық гранттық бағдарламаларға қатысу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жас ғалымдарды қолдау, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, беделді журналдарда мақалалар жариялау талаптарына ерекше назар аударылды.

 

Қуаныш Тастамбек өз сөзінде ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу университеті ретіндегі рөлін күшейту үшін әр факультеттің, соның ішінде филология факультетінің де ғылыми белсенділігі маңызды екенін атап өтті. Ол департамент тарапынан көрсетілетін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдаулар туралы айтып, оқытушы-ғалымдарды ғылыми жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында факультет оқытушылары өз ұсыныстарын ортаға салып, ғылыми қызметті ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі