Шетелдік студенттер арасында шахматтан турнир өттіFarabi University

Шетелдік студенттер арасында шахматтан турнир өтті

4 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  шетелдік студенттер арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды.  Зияткерлік жарысқа университетте білім алып жатқан түрлі мемлекеттен келген 65 шетелдік студент  қатысты.

Аталған турнир білім алушы жастардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және ҚазҰУ-дың көпұлтты студенттік ортасында мәдениетаралық өзара байланыстарды күшейтуге бағытталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте бірінші орынды Ауғанстаннан келген Хасибуллах Бадшиси иеленсе, екінші орын Мұхаммед Қайсқа бұйырды. Ал үшінші орынға Мохмади Мохибуллах жайғасты. Сондай-ақ қыздар арасында  өткен жарыста тәжікстандық  Мансуба Гүлбекова жеңімпаз атанса, екінші орынды ауғанстандық студент Рашеди Брешна, үшінші орынды Бангладештен келген Наса Жиннатуне иеленді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен марапатталды.  Бұған қосымша, барлық қатысушыларға сертификат пен естелік сыйлықтар табысталды. 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі