Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Мәскеу байланыс және информатика техникалық университетінің ректоры Сергей Ерохин бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.
Құрметті қонақтармен ҚазҰУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында тараптар білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу, оқытушылар мен студенттер алмасу бағдарламаларын дамыту сынды бағыттарды талқылады.

Сергей Ерохин Мәскеу байланыс және информатика техникалық университеті ҚазҰУ-мен академиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Келіссөз қорытындысында қос тарап алдағы уақытта кездесуде айтылған ұсыныстар бойынша нақты жоспар құруға уағдаласты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар