«Ар-намыс жолы» атты студенттік этика және жауапкершілік жобасы
2026 жылғы 3 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №6 Студенттер үйінде студенттік этика мен жауапкершілікке арналған «Ар-намыс жолы» атты тәрбиелік жоба өтті.
Кездесуге механика-математика факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, аға оқытушы Абенов Болат Кусаинович қатысып, студенттермен мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Іс-шара барысында жастарға адамгершілік құндылықтар, ар-намысты сақтау, жеке жауапкершілік пен қоғамдық тәртіп мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді.
Сондай-ақ студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оқу орнындағы және күнделікті өмірдегі мінез-құлық мәдениетіне қатысты пайдалы кеңестер алды. Мұндай жобалар студент жастардың саналы, жауапты тұлға ретінде қалыптасуына және қоғамда өз орнын дұрыс табуына ықпал етеді.

