Ғалымдар жаңа Конституция жобасы бойынша пікір алмасты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «Жаңа Конституция – азаматқа қызмет ететін мемлекетке қадам» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиында факультет басшылығы, ғалымдар, оқытушылар мен жас зерттеушілер Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызын талқылады.

Қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, атап айтқанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Баяндамашылар конституциялық реформалардың азаматтардың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін арттырып, халық пен билік арасындағы ашықтық пен сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа өзгерістердің әлеуметтік әділеттілік орнатудағы, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және демократиялық құндылықтарды дамытудағы рөлі кеңінен сөз болды.

Іс-шара соңында қатысушылар конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар