Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз! 🌟Farabi University

Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз! 🌟

13 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби колледжінің ПР-303 тобының студенттері — Хасен Толғанай мен Талғат Әдема — жетекшісі Сүлейменова Лаззат Әзімқызымен бірге «ТМД-ның үздік студенті – 2025» халықаралық байқауындағы жеңістерімен салтанатты түрде құттықталды 🏆.

Байқау ТМД елдері арасында өтіп, «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жеңімпаздарды осы айтулы жетістіктерімен колледж әкімшілігі мен колледж директоры — Аппакова Мәдина Нәсіпбекқызы құттықтап, студенттердің дайындық деңгейінің жоғарылығын және тәлімгердің кәсіби шеберлігін атап өтті.

Бұл жеңіс — студенттердің мақсатқа ұмтылысының, қажырлы еңбегі мен білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Сүлейменова Лаззат Әзімқызына педагогикалық шеберлігі, қолдауы және талантты жастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.