12 желтоқсанда ҚазҰУ заң факультетінде «Құқықтану» мамандығының ПК-302 тобының 3 курс студенттері дәстүрлі оқу сот процесін өткізді.Farabi University

12 желтоқсанда ҚазҰУ заң факультетінде «Құқықтану» мамандығының ПК-302 тобының 3 курс студенттері дәстүрлі оқу сот процесін өткізді.

15 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 12 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің процесс залында колледждің «Құқықтану» мамандығының 3 курс ПК- 302 топ студенттерімен ұйымдастырған дәстүрлі оқу сот процесі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: болашақ заңгерлердің тәжірибелік дағдылары мен кәсіби құзыреттілігін арттыру, сонымен қатар заң ғылымын оқытудағы инновациялық әдістерді қолдану болды. Бұл тәжірибе студенттерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін нақты іс жағдайында қолдану мүмкіндігін берді. Мұндай іс-шаралар заң тұрғысында білім беру жүйесіндегі сәтті тәжірибе болып табылады және болашақ мамандардың білімі мен іскерлік қабілеттерін кешенді дамытуға ықпал етеді. Оқу сот процестері студенттерді шынайы кәсіби қызметке дайындауда, олардың теориялық білімдерін практикамен үйлестірудегі тиімді әдіс ретінде танылды. Ұйымдастырушы арнайы құқықтық пәндер оқытушысы Сапирова М.М.