Желтоқсан айының 15 күні колледждің ПК-301, ПК-302, ПК-303, ПК-304 топтарының түлектері үшін ҰБТ-ға дайындық тақырыбында ақпараттық жиналыс ұйымдастырылды.Farabi University

Желтоқсан айының 15 күні колледждің ПК-301, ПК-302, ПК-303, ПК-304 топтарының түлектері үшін ҰБТ-ға дайындық тақырыбында ақпараттық жиналыс ұйымдастырылды.

17 желтоқсан, 2025

Жиналыс барысында білім алушыларға ҰБТ-ның өткізілу тәртібі, тестілеу форматы, пән таңдау ерекшеліктері, дайындық жоспарын дұрыс құру жолдары және жиі жіберілетін қателіктер туралы кеңінен мәлімет берілді.

Кездесудің спикері — Алибиева Нурсулу Мейрамбековна түлектерге мотивациялық бағытта кеңестер ұсынып, уақытты тиімді пайдалану, стресс деңгейін төмендету және нәтижені арттыру жолдарына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Мұндай ақпараттық кездесулер түлектердің ҰБТ-ға деген жауапкершілігін арттырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт береді.