- Басты бет
- Колледж
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Іс-шара заң ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Үсеинованы еске алуға арналған жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқулар аясында, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі К.Р. Үсеинованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шара модераторы — заң факультетінің деканы У.А. Ахатов.
Конференция аясында шығармашылық номинациялар ұсынылды: 🏆 «Үздік өлең» 🎬 «Үздік бейнеролик»
✨ «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша біздің студенттеріміздің ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталуы ерекше мақтаныш болды: Қасымбеков Музафар Оразбай Хадиша 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
📌 Ғылыми жетекшісі: Рахымжанова Шолпан Рахымжановна
Конференция ғылыми тәжірибе алмасудың, кәсіби диалогтың және қазіргі мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі факторы ретінде парасаттылық мәдениетін ілгерілетудің маңызды алаңына айналды.